Жаңалықтар

7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН КРОССОВЕР: ҚАЗАҚСТАНДА CHERY TIGGO 2 CАТЫЛА БАСТАДЫ

«Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы Алматыда жабық баспасөз конференциясында жаңа моделін таныстырды.

Нұрлан Смағұлов: 2026 жылы «Астана Моторс» 100% дәнекерленген және сырланған жеңіл көліктерді өндіреді

2025 жылы «Астана Моторс» қытайлық Chery, Haval, Changan көліктерін дәнеркерлеп, сырлап өндіреді. Ал 2026 жылы Hyundai зауытының модернизациясы аяқталады.

ЖАҢА НОМАДТАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН TANK 500 ПРЕМИУМ КӨЛІК

Алматыда жол талғамайтын TANK 500 премиум көліктің презентациясы өтті. Таңғажайып автокөлікті «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы таныстырды.

Lexus Astana қызметкері Александр Мусиенко Кеңестер шыңына шықты

Шыңға шығу шамамен 6 сағат жалғасты. 15 шілде күні 8 адамнан тұратын топ өздеріне азық-түлік, төсек қаптар, керек-жарақтар артып алып, Алматы қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінен өз саяхатын бастады. Асфальт жабыны қара жолға ауысқан кезде, жорық қатысушыларына әсем табиғат көріністері ашылды. Ауа орман иісі мен дыбыстарына, сайраған құстар әніне толды. Команда көл-көсір өскен тау гүлдеріне, жапырақты және қылқанды тоғайларға қайран қалып, таза әрі салқын бұлақ суы қорларын толықтырып, Іле Алатауы тауларының етегіндегі кемпингке жетті.

Қазақстандағы Chery дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге жәрдем ретінде 14 миллион теңге жіберді

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы Абай облысындағы өрттен зардап шеккендер үшін «АҚ ЕРТIС» қоғамдық қорына 14 миллион теңге жіберді.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ БОЛУҒА КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІГІ БАР», – БЕКНҰР НЕСІПБАЕВ, «АСТАНА МОТОРС» CEO, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда әлемнің түрлі елдерінен келген 1000-ға жуық қатысушыны біріктірген Астана халықаралық форумы өтті. Шамамен 300 шетелдік және қазақстандық сарапшы өзекті тақырыптар бойынша пікір алысты. Талқылаудың негізгі бағыты ынтымақтастық, даму және прогресс жолында сын-қатерлерді еңсеру болды.

Toyota Қазақстанда бренд географиясын кеңейтуде. Жаңа орталықтың ресми ашылу рәсімі 1 маусымда Көкшетау қаласында өтті.

«Тойота Көкшетау» ресми ашылу рәсіміне Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының президенті Джон Томсон, «Тойота Көкшетау» сервис орталығының директоры Дмитрий Быченко және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Астана Моторс» компаниясы жоғары технология жабдығын жеткізу туралы келісімге қол қойды

Қазақстандағы «Астана Моторс» компаниясы жаңа мультибренд зауытын жабдықтау үшін жоғары технология жабдықтарын жеткізетін Automotive Engineering корпорациясымен келісімге отырды. Құжатқа Қытайдың Сиань қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан іскер топ өкілдерінің дөңгелек үстелінде қол қойылды.

Golden Dragon «Астана Моторс» зауытында инженерлер академиясын ашады

Hyundai Trans Almaty (HTA) коммерциялық жабдықтар зауытында автомобиль өнеркәсібіне қажет инженерлік-техникалық кадр дайындайтын Қазақстан-Қытай оқу орталығы (академия) ашылады. Тиісті келісім Қытайдағы ең ірі автобус өндірушілерінің бірі – Xiamen Golden Dragon Bus Co., Ltd компаниясымен жасалды. Шешім Сиань қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Қытайдың іскер топтары өкілдерінің дөңгелек үстелі аясында қабылданды.

Қазақстан қытайлық автопромның үш көшбасшысын бір зауытқа біріктірді

Қазақстандық “Астана Моторс” компаниясы Алматыда салынып жатқан мультибренд зауытта Chery, Haval және Changan автокөліктерін шығаруға рұқсат алды. Өндіріс 2025 жылы басталады. Тараптар техникалық-лицензиялық келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде Сиандағы Қытай Халық Республикасының беделді өкілдері бас қосқан дөңгелек үстелге қатысқанда қол қойды.

Қазақстанда шығарылған автокомпонентер Қытай автокөліктеріне қолданылатын болады

10-12 мамыр аралығында Астана қаласында Машина жасаушылардың XI форумының аясында халықаралық автокөрме өтуде, онда Қытайдың жетекші брендтерінің қандай модельдері Қазақстанда шығарылатыны белгілі болды.

Нұрлан Смағұлов: «Біздің міндет – автозауыттарымыздың айналасында ШОБ кластерін дамыту»

Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында қатысушылар отандық автоөнеркәсіптің өзекті мәселелерін, беталыстарын және болашақ дамуын талқылады.