Жаңалықтар

«АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ОНДЫҒЫНА КІРДІ

Жыл сайын әлемнің 33 елінде Randstad Employer Brand Research – жұмыс берушілер брендтерінің тартымдылығын тәуелсіз зерттеу өткізіледі.

Айтты - істеді. Қазақстанда нағыз ерлер кәсібін қай жерде үйретеді?

10 ай ішінде Hyundai жеңіл автокөліктерді өндіру зауытына 10 мыңнан астам түйіндеме келді. Отандық автоөнеркәсіп дамып келеді, «көк жағалылар» машина жасау кәсіпқойларының қатарын толықтыруда, жастар тәжірибе алып, кадр бөлімі тәлімгерлік мәдениетін қалыптастырып жатыр.

LEXUS ASTANA КОМПАНИЯСЫ LEXUS KIWAMI 2020 СЫЙАҚЫСЫНА ИЕ БОЛДЫ!

"Лексус Астана" дилерлік орталығының тобын мәртебелі халықаралық сыйлығымен Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш ресми түрде құттықтады.

АЛМАТЫДА ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬДЕР ӨНДІРЕТІН HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

"Астана Моторс" компаниясы өндірілетін автомобильдердің жалпы санының 50 %-ын Қазақстан нарығында сатады және қалған 50 %-ын ТМД елдеріне жеткізеді.

«АСТАНА МОТОРС» ЕЛОРДАҒА 1700 АҒАШТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

"Астана Моторс" компаниясы Нұр-Сұлтанда маусымдық ағаш отырғызу іс-шарасын өткізді. Көктемгі гүлдену уақыты мен жазда: үйеңкі, қарағай, сібір (жабайы) алма ағаштары және мамыргүл елорданың көркін кіргізеді. Биыл жас көшеттер елордада алғаш рет қыстап шығады.

ҚОСТАНАЙ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫН «АСТАНА МОТОРС» ҰСЫНҒАН ЖАҢА HYUNDAI H350 AMBULANCE КӨЛІКТЕРІМЕН ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАЙДЫ.

Hyundai Trans Auto ("Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны) отандық зауытының Hyundai H350 Ambulance үлгісіндегі 26 реанимобилі Қостанай облысының санитарлық паркін толықтырды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ.

Алматыға жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы жеңіл автомобильдер шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауытының іске қосылу дайындығын тексерді және жаңа нысанның ресурстарын жоғары бағалады.

«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ РЕАНИМОБИЛЬДЕРДІ ЖЕТКІЗУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА. HYUNDAI H350 AMBULANCE ТОПТАМАСЫ ПЕТРОПАВЛОВСК ҚАЛАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ.

Германияда және Италияда жасалған жоғары класты дефибрилляторлармен, жасанды тыныс алу аппараттарымен (ИВЛ), электрокардиографтармен (ЭКГ) және басқа медициналық жабдықпен жасақталған 18 реанимобильді "Астана Моторс" Петропавловск қаласына жеткізді.

«АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА ЖАҢА HYUNDAI H350 AMBULANCE РЕАНИМОБИЛЬДЕРІН ЖЕТКІЗДІ.

"Астана Моторс" "ҚДБ Лизинг" АҚ арқылы Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасында санитарлық көлікті жаңарту бойынша жол картасы аясында реанимобильдердің алғашқы топтамасын (14 бірлік) мерзімінен бұрын жіберді.

Hyundai Trans Kazakhstan Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының автоөндірушілер тізіміне енгізілді

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қазақстандық автоөндіруші "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 қаулысымен бекітілген Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларға кредит беру бағдарламасының (бұдан әрі – Ұлттық Банктің бағдарламасы) шеңберінде автоөндірушілер тізіміне енгізілгенін хабарлайды.