ЗАМАНАУИ CHANGAN ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ СИМФОНИЯСЫ – UNI-K КРОССОВЕРІ

Қытайлық Changan бренді «жаппай өндірілетін концепт-карды» жасап шығарды. Қазақстандықтар технологиялық флагманмен 29 қыркүйек күні таныса алады. UNI-K тұсаукесері Алматыдағы Changan Kuldzhinka және Астанадағы Terra Motors дилер орталықтарында 28 қыркүйек күні өтті.

Осы күздің тамаша тұсаукесері болған UNI-K кроссоверін Changan компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторстың» еншілес компаниясы Silkway Auto Kazakhstan таныстырды.

Changan International Corporation дизайнерлері болашақтың автокөлігін жасап шығарды, оның рулінде отырып, өзіңді спорттық болидтің емес, стильді джеттің нағыз пилоты ретінде сезінуге болады. Жиынтықтамасына қарамастан, автокөлік 8 сатылы «автоматпен» бірге 226 а.к. қуат беретін 2 литрлік турбомоторға ие болды. Кроссовердің габариттері – 4865 х 1948 х 1695 мм, ал дөңгелек базасы 2890 мм құрайды. Жетек жайлы айтар болсақ, бастапқы жиынтықтамаға алдыңғы жетек қолжетімді, ал жоғарғы жиынтықтамаларда толық жетек болады.  

Әйнектеу аймағының пропорциялары ұшу аппаратының кабинасын еске салады, ал жақтаусыз сәндік радиатор торы автокөліктің жатық, бірақ батыл мінезді жалпы профиліне кіріктіріледі. Көлденең сызықтардың үстемдігі және 21 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер динамикалық, спорттық кейіпті айқындай түседі.

UNI-K кроссоверін басқару жайлылығы заманауи техникалық мүмкіндіктер шегінде қалыптасқан. Біріншіден, толығымен жарықдиодты оптика: ол автокөлікке премиалды кейіп сыйлап қана қоймай, сонымен қатар шалғай жарықты автоматты түрде басқару жүйесімен жабдықталған. Ал футуристік күндізгі жүріс жарықтары қараңғы кезде де көлік иесінің даралығын айқындайды.

Екіншіден, «ғарыш тыныштығы». UNI-K көлігін өндірген кезде акустикалық дыбыс оқшаулағыш материалдың 26 түрі қолданылды, салонның 90%-ы осы материалмен қапталған. Бұған қоса, алдыңғы әйнек пен алдыңғы есік әйнегі екі қабаттап әйнектелген.

Үшіншіден, «таңғажайып көрініс»: ұзындығы 1440 мм және ені 910 мм құрайтын UNI-K панорамалық люгі – өз класындағы ең үлкен люктердің бірі.

Төртіншіден, «нөлдік гравитация». Бұл UNI-K ерекше концептісі, бұл ретте автокөлікке отыру әрекетінің жайлы болғаны соншалық, өз салмағын да сезілмейді. Алдыңғы қатардағы орындықтар электрондық реттеудің арқасында аса ыңғайлы болып келеді: жолаушы орындығын – төрт қалыпта, ал жүргізуші орындығын орындық жастығының еңкею бұрышын қоса алғанда сегіз қалыпта баптауға болады. Сонымен қатар жүргізуші бел аймағында орындықты реттеудің төрт бағытының бірін таңдай алады.

Бесіншіден, «жеке ахуал». Екі аймақтық климаттық қондырғы, орындықтарды жылыту және желдету, ауаны иондау – қытай әзірлеушілері үлкен қалалардағы ауаның сапасын өте жақсы біледі.

UNI-K көлігінде қауіпсіздік түсінігі мүлде жаңа деңгейге шығарылған. Бұл үшін автокөлікке бірнеше интеллектуалдық жүйе орнатылған: төмен жылдамдықпен жүру функциясы бар (TJA) бейімделетін круиз-контроль (ACC), автоматты тежеу жүйесі (AEB), қозғалыс жолағында ұстау (LCS) және жолақтан шығу туралы ескерту (LDW) жүйелері.

Әрине, осындай техникалық жабдықтау болғанда оңай әрі интуициялық тұрғыдан түсінікті басқару жүйесі қажет етіледі. Ол артқы көрініс камераларынан алынған ағындық бейнені көрсету опциясы бар, жоғары сапалы кескінге ие үшдисплейді (!) цифрлық аспаптар тақтасы (экрандардың өлшемдері 3,5"/ 9,2" / 10,25”) түрінде жүзеге асырылған. Changan инженерлері жүргізушінің ыңғайлығы мен қауіпсіздігін ескере отырып, аспаптар тақтасын жасады. Жүргізуші автокөліктер легінен назарын басқа жаққа бұрмайды, бұл ретте аспаптар тақтасы оның шолу бұрышында болады. 

Осы жайт Uni-K көлігінің тағы бір ерекшелігін қамтиды. Техника туралы былай айтуға болса, бұл «ескертуші» автокөлік. Тұтқалар есіктерге жасырылған, бірақ көлік иесі машинаға жақындаған кезде «алға шығады». Көлікке отырған кезде жүргізуші орындығы «артқа жылжып», жүргізу үшін бапталған қалыпқа оралады.  Электржетек жүксалғышты ыңғайлы ашуға және жабуға көмектеседі, ал сенсорлық ашу функциясы қол бос емес кезде қолайлы болады – аяқпен бампер астын сипап өтсеңіз болғаны.   Орталық консоль мобильді телефонға арналған сымсыз қуаттағышпен жабдықталған. Автокөлікте 14 Sony динамигі бар Hi-End жүйесі орнатылған, динамиктердің екеуі тікелей жүргізуші орындығының бассүйегішіне монтаждалған және дыбыс қаттылығының «жұмсақ» деңгейінде жақсы естілуді қамтамасыз етеді. Автокөлік өзінің иесіне ілесіп, бірегей UNI-K-ге айналады!

Қазақстанда модель үш жинақтамада қолжетімді болады: алдыңғы жетекті Comfort нұсқасы – 17 490 000 теңге, толық жетекті Luxe нұсқасы – 18 690 000 теңге, үздік Tech нұсқасы 19 990 000 теңге тұрады. Автокөліктер Чунциндегі (ҚХР) зауыттан тікелей жеткізіледі, көлікті Changan фирмалық дилер орталықтарынан сатып алуға болады.  Silkway Auto Kazakhstan 2023 жылдың соңына қарай 18 дилер орталығынан тұратын өңірлік желіні құруды жоспарлап отыр.


Ақпараттық анықтама:

Changan International Corporation әлемде қытайлық автобрендтердің арасында бірінші орынды иеленіп отыр және әлемдік автоөнеркәсіптегі технологиялық көшбасшылардың алғашқы ондығына кіреді. Компания R&D-орталықтардың халықаралық желісін құрды. Қытайдағы, Жапониядағы, Италиядағы, Германиядағы, Ұлыбританиядағы және АҚШ-тағы Changan қызметкерлері инновациялық технологиялар және дизайн саласындағы зерттеулермен, әзірлемелермен соңғы 16 жыл бойы айналысып келеді. R&D-орталықтарға салынған инвестициялардың жыл сайынғы көлемі концерн түсімінің 5%-ынан астамын құрайды.

1862 жылы құрылған Changan бүкіл әлем бойынша сатылған 20 миллион автокөлік белгісінен асып түскен алғашқы қытайлық бренд болды. Changan компаниясының краш-тест өткізілетін жеке зертханасы және Азиядағы ең үлкен тестілік полигоны бар, мұнда автокөліктердің жүру қасиеттерін тексеру үшін жабынның 70-тен астам түрі қолданылады. Озық идеялар мен жоғары сапа компанияға өзінің клиенттік аудиториясын кеңейтіп, 2021 жылы әлемнің 70 елінде 2,3 млн автокөлікті сатуға мүмкіндік берді!