Ең жылдам Chery Tiggo 8 Pro Max кроссоверіне Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады

Қазақстандағы қытайлық автокөлік брендтері арасында Chery сатылым көрсеткіші бойынша бірінші орынды сақтап тұр

CHERY TIGGO 8 PRO MAX премиалды толық жетекті кроссовері – қытайлық автобрендтің көптен күткен жаңалығы. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Chery компаниясының ресми дистрибьюторы First Motor Group автокөлікке алдын ала тапсырыс беру басталғанын жариялады. Көлік бағасы 18,9 млн теңгеден басталады.

Кроссоверді бірінші болып Нұр-Сұлтан қаласында медиаға арналған таңғы аста автокөлік мамандары, блогерлер және елордалық журналистер тамашалады. Қонақтарға шағын тест-драйвтен өту ұсынылды, сонымен бірге, жаңа көлік туралы толық ақпарат беріліп, Chery-дың Қазақстандағы жұмысы туралы айтылды.

«Chery елімізде сатылым басталған күннен, яғни 2021 жылдың желтоқсанынан биылғы тамыз айына дейін 1900 жаңа автокөлік сатылды. 2022 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, Chery ең танымал автобрендтер рейтингісінде алтыншы орынды иеленсе, Қазақстанға жеткізілген қытайлық автобрендтер арасында топ жарды. Қазақстанда Chery сатылымының өсуі бір айға 37%-ды құрады: тамызда 532 жаңа көлік сатылса, шілдеде 378 (маусымда 312 автокөлік) сатылды», - деді Қазақстандағы Chery сату департаментінің директоры Ермек Жексембаев.

Оған қоса, бүгінгі таңда қазақстандық дилерлік орталықтарда CHERY TIGGO 4 PRO (презентациясы тамыз айында өтті), CHERY TIGGO 7 PRO және CHERY TIGGO 8 PRO кроссоверлері ұсынылған.

CHERY TIGGO 8 PRO MAX ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ?

CHERY TIGGO 8 PRO MAX автокөлігінің сыртқы келбеті жарқын әрі заманауи, оптикасы керемет. Бұл модельдің сыртқы көрінісі Tiggo 8 PRO-дан радиатор торының айналасындағы күміс хромды қосымшасымен, ақ түсті артқы жарық құрылғыларымен, екі қос түтікті газ шығару жүйесімен және жүксалғыштың қақпағындағы AWD белгісімен өзгешеленеді.

slider_113
slider_114
slider_115
slider_116
 

Автокөлік өте кең! CHERY TIGGO 8 PRO MAX-та жеті орынды премиум салон бар. Егер көлікте тек қана бес адам болса, үшінші қатардағы орындықтарды бүктеуге болады. Осы жағдайда заттарға арналған орын 1179 литрге дейін кеңейеді. Екінші қатардағы бүктелген орындықтармен багаж бөлімінің көлемі 2101 литрге дейін артады.

CHERY TIGGO 8 PRO MAX-тың тағы бір ерекшелігі – ол өз класындағы ең жылдам кросcовер! Ол нөлден 100 км/сағатқа дейін 8.5 секундтан кем уақытта жетеді, ал шекті жылдамдығы – 195 км/сағ.

slider_117
slider_118
slider_119
slider_120
slider_121
 

CHERY TIGGO 8 PRO MAX жеті сатылы DCT преселективті робот беріліс қорабымен ерекшеленеді. Ол қуаты 5000 айн/мин 145 кВт-қа (197 ат күші) тең 2.0 TGDI жетілдірілген бензин қозғалтқышымен тамаша үйлеседі. Иінді біліктің 2000-нан 3500 айн/мин дейінгі шегінде максималды айналу сәті келеді.

Қазақстанда жаңа Chery автокөліктеріне өндірушіден 5 жыл немесе 150 мың шақырым кепілдігі беріледі. Ал CHERY TIGGO 8 PRO MAX-тың 7 жыл немесе 200 мың шақырым кепілдігі бар.

CHERY-ДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯСЫ

Chery дилерлік орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар қалаларында бар.

Жыл соңына дейін тағы тоғыз дилерлік орталық ашылу жоспарланған: бір-бірден Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында (Mycar Kuldzhinka), сонымен бірге, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавл қалаларында.

CHERY-ДІ ОНЛАЙН ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?

2022 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғашқы онлайн-дилер жұмысын бастады. Mycar.kz IT компаниясы Chery ресми дистрибьюторының серіктесі атанып, оған қытай брендінің жаңа автокөліктерін сату құқығы берілді.

Онлайн-қызмет тест-драйвқа тапсырыс беруге немесе мәміле жасалған сәттен бастап 72 сағат ішінде тегін «үйге жеткізу» қызметімен автокөлікті қашықтан сатып алуға болады.

Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде, атап айтқанда, корпоративтік сектор үшін ыңғайлы Mycar Finance арнайы бағдарламалары және пакеттік ұсыныстары бар.

Елдің бірқатар ірі компаниялары бизнес үшін 25-тен астам Chery кроссоверін сатып алды.

Қазақстандағы Chery туралы толығырақ ақпаратты «Астана Моторс»-тың 7007 тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығынан білуге болады.