«АСТАНА МОТОРС» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН BRITISH MOTORS KAZAKHSTAN КОМПАНИЯСЫ JAGUAR LAND ROVER КӨЛІКТЕРІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

  • British Motors Kazakhstan — Қазақстан аумағы бойынша Jaguar Land Rover автокөліктерінің жаңа ресми дистрибьюторы
  • British Motors Kazakhstan Қазақстанда Jaguar Land Rover автокөліктерінің қазіргі модельдік қатарының сатылымын жүзеге асырады және сатудан кейінгі қызметтің толық көлемде көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Алматы, Қазақстан, 2022 ж. 21 қыркүйек. Jaguar Land Rover Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьютор ретінде («Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін) British Motors Kazakhstan компаниясымен серіктестік орнатқаны жөнінде хабарлайды. Дистрибьюторлық келісімге 1 қыркүйекте қол қойылған.

Қол қою рәсіміне: «Астана Моторс» дистрибьютерлік желіні дамыту жөніндегі директор Кит Мэттью Симмонс, «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев, British Motors Kazakhstan директоры Нұрбек Қарағаев қатысты.

«Қазақстандағы ресми дистрибьютор ретінде Jaguar Land Rover-ды ұсынатынымызға қуаныштымыз. Біздің орталықтарымыздың жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлер Jaguar Land Rover және British Motors Kazakhstan компанияларының аты үздік сатылым көрсеткіштерімен және сатудан кейінгі сапалы қызмет көрсетумен қатар аталуына бар күшін салады, — деді «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев. — 2017 жылдан бастап Jaguar Land Rover-дің дилері ретінде жұмыс істейміз, Ұлыбританиядағы бас кеңсе «Астана Моторс» компаниясы және біздің мүмкіндіктеріміз жөнінде хабардар. Ресми дистрибьютор ретінде, біз автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді тек Алматы үшін ғана емес, сондай-ақ Астанадағы серіктестеріміз үшін де тікелей алдыратын боламыз.Келесі қадамымыз дилерлік орталықтарда ұсынылған модельдердің портфолиосын кеңейту, жаңа және тұрақты клиенттеріміз үшін жоғары сервис деңгейін көрсету болмақ».

British Motors Kazakhstan компаниясы қазақстандық сатып алушыларға Land Rover-дің қазіргі модельдік қатарын ұсынады, модельдік қатарға жаңа Range Rover, Range Rover Velar, Range Rover Evoque, Land Rover Defender, сондай-ақ Jaguar F-PACE, Jaguar E-PACE және Jaguar F-TYPE көліктерін қамтитын керемет Jaguar желісі кіреді. Сосын осы жылы аталған модельдік қатарға ең қалаулы, техникалық жағынан мүлтіксіз және желідегі динамикалық автокөлік – үшінші буындағы жаңа Range Rover Sport қосылады.

«British Motors Kazakhstan компаниясының командасы үлкен жұмыс атқарды, бұл Қазақстандағы заманауи әрі сәнді екі брендіміздің қызмет көрсету стандарттарының мүлтіксіз болуына олардың қаншалықты тырысатынын дәлелдейді. Біз клиентеріміздің әлемдегі ең жоғары деңгейде брендпен танысуын және онымен өзара әрекет етуін асыға күтеміз және Jaguar Land Rover үшін Қазақстанның алар орнын және British Motors компаниясындағы серіктестеріміздің қолдауын атап өткіміз келеді», — деді Jaguar Land Rover MENA (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өңірлері) компаниясының басқарушы директоры Брюс Робертсон.

Анықтама үшін

2017 жылғы 29 маусымда «Астана Моторс» компаниясы Jaguar Land Rover брендтерімен дилерлік келісімге қол қойды. Сатылым 2017 жылдың шілде айының соңында Алматы қаласында басталды. 2019  жылғы 30 сәуірде әл-Фараби даңғылындағы жаңа дилерлік орталықтың салтанатты ашылуы өтті. 2021 жылы Қазақстанда шамамен 300 Jaguar Land Rover автокөлігі сатылды.

 «Астана Моторс» компаниясы дилерлік желіні дамытуға және оған қолдау көрсетуге зор мән береді, ал озық технологиялар, үздік сервис деңгейі мен аса білікті штат Jaguar Land Rover брендінің бүкіл әлемде табысқа жетуінің ажырамас бөлігіне айналды.