ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОЗАУЫТ ОТБАСЫ КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ

Жеңіл автокөліктер өндіретін Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Family Day мерекесі мен «Астана Моторс» компаниясының 30 жылдығы кеңінен аталып өтті.

28 тамызда өткен отбасылық корпоративке 1700 адам жиналды, зауытқа осыншама көп адам бірінші рет келіп отыр: 2019 жылы ұжымда небәрі 10 адам болатын, алғашқы желі іске қосылғанда 350 адам жұмыс істеді, қазір кәсіпорында 800-ден астам қызметкер бар. Зауыт штаты асығыссыз, мұқият іріктелді, жоспарға сай ұлғаю табиғи жолмен шынайы отбасылық атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді, сондықтан Hyundai Trans Kazakhstan мерекелері де мұндағылардың бәріне бірдей тойланады. Family Day мерекесіне қызметкерлер жұбайлары мен балаларын ала келді.

Жыл соңына дейін Hyundai Trans Kazakhstan жұмыскерлер штатын 1000 адамға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

Салтанатты шарада «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев жиналған жұртқа жылы лебізін жолдап, бірлесіп еткен еңбектің арқасында қандай үлкен жұмыстың атқарылғанын ерекше атап өтті: «2019 жылы зауытымыздың алғашқы кірпішін қалаған кезімізде бұл 15 гектар шөп өскен жазық дала болатын. Ал қазір мынадай күшті зауыт жұмыс істеп тұр. Бүгін сіздерді отбасыларыңызбен, біздің болашақ жас қызметкерлерімізбен бірге көріп отырғаныма қуаныштымын! Қазақстанымызды бірге дамытайық, өркендетейік, мықты елге айналдырайық!».

Биыл автокомпоненттер өндіретін зауыттың құрылысын бастау жоспарлануда, орындықтар, пластик бөлшектер, полиуретанды кілемшелер шығарылатын болады. «Астана Моторс» өндірістен шығатын автокөліктердегі қазақстандық мазмұнның үлесін үздіксіз ұлғайтуды жоспарлайды.

Мереке бағдарламасында барлық жастағы қатысушыларға арналған көптеген ойын-сауық іс-шаралары қарастырылған: ойындар мен сайыстар, шеберлік сыныптары мен топтық жарыстар, жанды музыка мен кәсіпқой аниматорлар болды. Бір ғана көркем өнер аймағының өзі шығармашылықты сүйетіндерге графикалық әрлеуге кітапшалар, картон үйшіктер мен жаңа Palisade автокөлігін ұсынды. Жас авто-дизайнерлер оны бірнеше сағаттың ішінде көз тартарлық арт-нысанға айналдырды! Батуттардың үш түрі және алыптар волейболы мерекенің кішкене қонақтарын шынайы қызыққа бөледі!

slider_109
slider_112
slider_110
slider_111
 

Әйтсе де күннің ең басты оқиғасы зауыт ішімен өткізілген отбасылық экскурсия болды! Өз жақындары жұмыс істейтін зауытты ішінен көргісі келетіндердің көп болғаны соншалық, үлкен кезек тізілді! Экскурсия жүргізушілері автокөлік өндірісінің негізгі кезеңдерімен таныстырды. Демалыс күні барлық механизмнің тоқтап тұрғанына қарамастан, «тым-тырыс» тұрған зауыттың өзі келушілерді күшті әсерге бөледі.

Режимдік нысан болғанына қарамастан, зауыт қоғам үшін ашық болуға тырысады – Hyundai Trans Kazakhstan БАҚ өкілдеріне, техникалық колледждердің, мектептердің оқушыларына және басқа да тілек білдірушілерге арнап бірнеше рет экскурсия өткізді. Әйтсе де техникалық колледждердің студенттеріне басымдық беріледі, себебі олар әлеуетті болашақ мамандар!

Hyundai Trans Kazakhstan үшін жайлы еңбек ету және тынығу жағдайлары – бренд философиясы, сапалы өнімді талап ету үшін оның стандарттарын белгілеп қана қоймай, сақтау да маңызды. Наталья Марченко, HTK кадрлар бөлімінің бастығы: «Біз сапа деңгейін ұстауға, оңды-солды шалыс кетпеуге тырысамыз, бір жағынан еңбек нәтижесіне қатаң талаптар қойсақ, екінші жағынан қызметкерлеріміздің жеке, адами қажеттіліктерін ескеріп отырамыз.

Барлық қызметкерге фитнес-клубқа бір жылдық абонемент беріледі, зауыт аумағында баскетбол, волейбол және футбол алаңдары бар; өзіміздің жеке футбол командамыз да бар!

Компания ұжымы жас, қызметкерлердің орташа жас мөлшері – 33, бұл кәсіпорынның «отбасылық мәртебесіне» өзінше бір әсер етеді. Зауыттың өз демографиялық статикасы бар – екі жылдан сәл асатын уақыт ішінде қызметкерлер арасында 4 отбасылық жұп құрылды, 81 сәби дүниеге келді.

Статистика мәліметтеріне қарамастан, зауытта жасқа байланысты шектеу жоқ, маманның өз саласы бойынша тәжірибесі мен дамып, алға басуға деген құлшынысы маңызды. Қазақстанда мұндай бейіндегі зауыттар үшін дайын мамандар өте аз, сондықтан барлық деңгейдегі қызметкерлер практиканы да, теорияны да Hyundai оқу орталығында менторлардан оқып үйренеді.

Hyundai Trans Kazakhstan қызметкерлері жүйелі түрде біліктіліктерін арттырып отырады. Осы жылдың өзінде 742 адам кәсіби деңгейді арттыру бойынша семинарлар мен тренингтерден өтті.

Зауыт ресми түрде 2020 жылдың қазан айында іске қосылды, әйтсе де Hyundai Trans Kazakhstan 2022 жылдан бастап қана жобалық қуатымен жұмыс істеуге кірісті. 2021 және 2022 жылдары логистикаға, жоғары технологиялы компоненттердің тапшылығына байланысты автокөлік жасаушы кәсіпорындар үшін ауыртпалықтардың туындағанына қарамастан, компания жоспарланған межелерге қол жеткізілетініне сенімді.

Hyundai Trans Kazakhstan жобалық қуаты – жылына 47 мың автокөлік. Жұмыс басталғалы бері 53 мыңнан астам автокөлік шығарылды. 2022 жылы үш жаңа модель – Hyundai Staria, Hyundai i30 және Hyundai Bayon автокөліктерінің өндірісі басталды.

«Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, компания алға елді индустриаландыру деген жаһандық мақсатты қойып отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу жолы Алматы Индустриялық аймағынан басталды. Көп ұзамай мұнда Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жанында жаңа өндіріс алаңдары пайда болады!