Жаңалықтар
HYUNDAI COM TRANS KAZAKHSTAN ЕУРАЗИЯЛЫҚ АПТАЛЫҚҚА ҚАТЫСЫП ОТЫР
Астана Моторс құрамына кіретін Hyundai Com Trans Kazakhstan Еуразия экономикалық одағы кеңістігіндегі ең ірі халықаралық іскерлік форумы – Еуразиялық апталыққа қатысты. Форум интеграцияны нығайтуға, экономикалық әлеуетті арттыруға және ЕАЭО елдерінің өндірістік кооперациясын кеңейтуге бағытталған.
Жаңа Subaru Forester Қазақстанда ұсынылды
Астана Моторс компаниясының құрамына кіретін ресми дистрибьютор – Subaru Kazakhstan Алматыда жаңа Subaru Forester көлігінің алғашқы тест-драйвын өткізді.
АЙНА ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Мегаполисте айна, дөңгелек, әйнек сүрткіш, тіпті, фараны да ұрлап әкетеді. Ұсақ ұрылар ештеңеден тартынбайды. "Айна бизнесі" үлкен қалада да, шағын қалаларда да гүлденіп кең етек жайған. Айнаның құны кейде зардап шеккен автожүргізушіні үлкен шығынға батырып жатады...
BMW Х4: Өзіңді көрсететін уақыт
BMW импорттаушысы – "Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін "Бавария Автоорталығы" сауда үйі – BMW Х4 жаңа буынының қазақстандық тұсаукесерін өткізді. Епті, қуатты және өзіне сенімді ВMW X4 бұрынғысынан да спортты және айқын бола түсті.
Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында «CONTINENTAL ЖӘНЕ SUBARU: КӨЛІК АПАТТАРЫНА ЖОЛ ЖОҚ» әлеуметтік жобасы іске қосылды
Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік деңгейінің жоғарылуына бағытталған "CONTINENTAL ЖӘНЕ SUBARU: КӨЛІК АПАТТАРЫНА ЖОЛ ЖОҚ" әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша БАҚ-на арналған брифинг өтті.
SUBARU ТАҢДАУДЫҢ 7 СЕБЕБІ
Неліктен миллиондаған адамдар осы брендті таңдайды? Өйткені, адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – қауіпсіздік сезімі болар. Subaru иелері бұл автомобильдердің қозғалысына деген сенімділікті сыйлайтын маңызды сипаттамаларымен таныс, сондықтан осы көліктердің қауіпсіз екендігін біледі.
Құрметті әріптестер!
"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін және Қазақстандағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы саналатын Hyundai Com Trans Kazakhstan дилерлерді Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қызылорда қалаларында ресми 3S (Sales, Spare Parts & Service) Hyundai Дилері мәртебесіне ие болу үшін ынтымақтастық орнатуға шақырады.
ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІҢ ЖҰМЫСЫ НЕМЕСЕ SUBARU «БАЛШЫҚ ВАННАЛАРЫН» ҚАБЫЛДАЙДЫ
Күні: 2018 ж. 21 шілдесі
Уақыты: 10:00 – 14:00 сағ.
Орны: Hyundai Trans Auto зауытының аумағындағы Астана Моторстың спорттық полигоны (Алматы қ., Бұқтырма көш., 70).
SUBARU КРОССОВЕРЛЕРІНІҢ ТЕСТ-ДРАЙВЫ
Өткен демалыс күндері Алматы маңындағы "Астана Моторс" көлік құрастыру кәсіпорнының аумағында орналасқан спортық полигонда Subaru кроссоверлерінің тест-драйвы өтті. Subaru Kazakhstan дистрибьюторы және Subaru Motor Almaty дилерлік орталығы бірлесіп, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының бас пилоты Владимир Бородиннің қатысуымен өткен баршаға арналған шараны ұйымдастырды.
АҢДАТПА: Subaru кроссоверлерін сынақтан өткізу
Күні: 2018 ж. 14 шілдесі
Уақыты: 10:00 - 14:00
Өтетін орны: Hyundai Trans Auto зауытының аумағындағы Астана Моторс спорттық полигонында (Алматы қ., Бұқтырма көш., 70).
JAGUAR LAND ROVER TOUR ҰСЫНҒАН ЖАЗҒЫ ОҚИҒА – 2018
Алматы “Jaguar Land Rover Tour – 2018” атты ірі шараны екі күн бойы қарсы алды. Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы "Медеу" спорт кешенінде әлем бойынша дәстүрге айналған роуд-шоуды өткізді. Ғаламат шараның қонақтары Jaguar және Land Rover көліктерімен танысып, арнайы дайындалған алаңда кез келген үлгіні сынақта байқап көру мүмкіндігіне ие болды.
«АСТАНА МОТОРС» МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ КӘСІПОРНЫНДА СЕРВИС-ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Hyundai Trans Auto машина құрастыру кәсіпорнында сервис-орталығының ресми ашылуы өтті. Сервис-орталығының негізгі бағыты – жүк және жолаушы техникасын кәсіби жөндеу мен техникалық қызмет көрсету.