SUBARU ТАҢДАУДЫҢ 7 СЕБЕБІ

Неліктен миллиондаған адамдар осы брендті таңдайды? Өйткені, адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі – қауіпсіздік сезімі болар. Subaru иелері бұл автомобильдердің қозғалысына деген сенімділікті сыйлайтын маңызды сипаттамаларымен таныс, сондықтан осы көліктердің қауіпсіз екендігін біледі.

Жапондық бренд көптеген жылдар бойы айқындық, қауіпсіздік және сенімділіктің нышаны. Егер бұрын Subaru спорттық автокөлік ретінде қабылданған болса, бүгінгі күнде бұл мүлде өзгеше бағыт. Бүгінде бұл көліктер отбасылық құндылықтардың синонимі іспеттес, әрі бұрынғыдай, өзінің басты мақсаттарына сәйкес: қауіпсіздік және қозғалыс кезінде сенімділікті қамтамасыз етеді. Subaru кроссоверлері – амбициялары бар "ақылды" кроссоверлер, жолсыздық кезіндегі өз сегментінің ең қабілетті автомобильдері. Бірақ, барлығын рет-ретімен жазайық...

Әрбір Subaru автокөлігінің жүрегі - Boxer көлденең-оппозитті қозғалтқыш.  Ол симметриялы толық жетегі Symmetrical AWD және Lineartronic трансмиссиясымен жақсы үйлеседі. Кроссоверлер ауыл жолдарында, жолдан тыс жерлерде өте ыңғайлы. Құламалы еңіс жолдар мен көтерілетін жолдар, шұңқырлар, "лай балшықтар" және ағындар оған кедергі болмас. Тас жолда қарапайым болып көрінгенімен оппозитті қозғалтқыш автокөлік тонналарын балшықтан және қиыршық тастардан оңай және сенімді түрде тартып шығарады. Тұрақты толық жетек, FORESTER  және  Subaru XV үлгілеріндегі 220 мм болса, OUTBACK үлгілерінде 213 мм клиренс – кез келген, тіпті, ең тәжірибелі жүргізушіні таң қалдырмақ.

Subaru бренді сақина тәріздес күштік тірегін пайдаланып, бұл салонды соққыдан қорғайды. Subaru XV кроссоверлері және биыл сатылымға түсетін бесінші буындағы жаңа Forester - Subaru Global Platform (SGP) платформасы негізінде құрастырылған. Осының арқасында қауіпсіздік дәрежесі айтарлықтай жақсарып, шанақтың қаттылығы мен беріктігі арта түсті. Автокөліктердің шасси құрылғысы да қайта құрастырылып, жетілдіріліп, осылайша, тұрақтылығы артып, автокөлікті басқару жақсартылған. Бұл сондай-ақ ауырлық орталығын төмендетуге және басқаруды дәлірек етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, базалық жиынтықтағы жеті қауіпсіздік жастықша мен краш-тесттердегі ұпайлардың жоғарылығы қосымша артықшылықты беріп отыр. Шанақтағы пассивті қауіпсіздікті арттыру үшін есік ойықтары және көлік астының беріктігі арттырылып, бетпе-бет соққы кезінде қозғалтқыш трансмиссиямен бірге салонға емес, көліктің астыңғы жағына кіріп кетеді. Көлік жүргізушісі көлікті жақсы сезініп, бұл қозғалысты сенімді етіп, көлікті басқару нағыз рахатқа бөлейді. Кез келген жолда, жолдан тыс жерлерде немесе асфальт төселген жерлер болсын, Subaru қазіргі заманғы белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерінің арқасында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл жолдағы соқтығысу мен басқа қауіпті жағдайларды болдырмауға көмектесетін тамаша механизм.

X-Mode функциясы көлбеуден түсетін кезде автоматты түрде тұрақты жылдамдықты сақтайтын жүйені қамтиды. Бұл сізді басқаруға жинақтап, бұндай жағдайларда дөңгелектердің бұғатталуынан аулақ болу мүмкіндігін береді. Subaru танк сияқты алға жүреді. Себебі, толық жетектен басқа, X-Mode режіміндегі кроссоверлер электроникасы тайғанақ дөңгелектерді тежеу арқылы доңғалақтар арасындағы дифференциалдардың бұғатталуын көрсетеді.

Eyesight* жүргізушіге көмек көрсету жүйесі – қауіпсіздік жүйелерінің толық кешені. Жүргізушілерге көмек көрсету технологиясы көліктің алдындағы нысандардың бейнесін "көруге" мүмкіндік беретін, алдыңғы әйнектің жоғарғы бөлігінде орналасқан стереокамераның екі объективінен тұрады. Егер, тіпті, жүргізушінің көңілі басқаға бұрылса да, EyeSight қауіпсіздік жүйесі қауіп туралы ескертеді. Сондай-ақ бұл жүйе  алдында тұрған көліктің қозғала бастағанын, автокөліктің жолдан шығып бара жатқанын және ең бастысы, соқтығысу қаупі болған жағдайда, өзі тежеуді қолданатынын ескертеді.

Subaru Rear Vehicle Detection қауіпсіздік жүйесінің қосымша кешені мыналарды қамтиды: артқа жүру кезінде көмек көрсету жүйесі (Rear Cross Traffic Alert - RСTA); "соқыр" зоналарда нысандарды анықтау жүйесі (Blind Spot Detection - BSD); сондай-ақ қозғалыс жолағын ауыстыру кезінде көмек көрсету жүйесі (Lane Change Assist - LCA).

Subaru автокөліктерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі "Қауіпсіз автокөлік" рейтингісінде келесі номинациялар бойынша көптеген марапаттармен дәлелденді:


Subaru автокөліктерінің сенімділігі әртүрлі климаттық жағдайларда, мейлі қар, мұз, жолсыздық немесе балшық болсын, құрметке лайық. Бұл Қазақстанның климаты үшін қолайлы автокөлік.  Subaru кроссоверлерінің салонында тек рөлдің басында ғана ыңғайлы емес. Жолаушылар қара жолмен (жұмыртастар мен тастардың үстімен) жүруден саспайды, себебі, бүйірлік таянғыштары бар қолайлы орындықтар демалуға және терезеден сырт көріністерді қарап, рахатқа бөленуге мүмкіндік береді.

Қосымша бейнелер осында: https://www.youtube.com/channel/UCb7n97wTrzZGBxSBVIVJJfw

*МАҢЫЗДЫ! Eyesight - бұл жүргізушіге көмек көрсету жүйесі, автокөлікті автоматты басқару фунциясы емес. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жiгерiн салуға және міндетті түрде жол ережелерін сақтауға жауапты!