Жаңалықтар

Алғашқы жеңімпаз анықталды!

Hyundai жариялаған ұтыс ойынының басты жүлдесінің бірі – FIFA 2018 Футболдан әлем чемпионатына жолдама ұтқан алғашқы жеңімпазымыздың есімі – Дамир Бикташев!

Hyundai Com Trans Kazakhstan СТЕСА-2018 көрмесіне қатысуда

Астанада үш күндік CTECA 2018 (Commercial Transport Expo Central Asia) — халықаралық коммерциялық техниканың мамандандырылған көрмесі басталды. Шара қатысушыларының бірі – Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы ҚР аумағындағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы.

ЖАҢАРТЫЛҒАН RANGE ROVER SPORT ЖӘНЕ RANGE ROVER 2018 ТҰСАУКЕСЕРІ

Алматыда "Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Jaguar Land Rover Almaty дилерлік орталығы 2018 жылғы Range Rover Sport және Range Rover жаңартылған модельдерін ұсынды. Автомобильдер өмірлік жағдайдың кез келгеніне төтеп беретін су жаңа технологияларды қамтып, дизайн бойынша бірқатар өзгерістерге ұшырап, Jaguar Land Rover компаниясының ең озық әрі технологиялық әзірлемесі саналатын – Touch Pro Duo мультимедиалық жүйесіне біріктірілген технологиялардың кең спектрін иеленді.

Subaru Kazakhstan – Subaru-дың әлемдегі ең қарқынды дамып отырған дистрибьюторы

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін "Subaru Kazakhstan" компаниясы "Subaru Corporation" концернінің атынан "Subaru Sales Award" беделді марапатын алды.