«АСТАНА МОТОРС» ҚМК 2013 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАДЫ

28 қаңтарда "Астана Моторс" Қазақ Мотор Компаниясы 2013 жылғы қызметін қорытады.

"Астана Моторс" ҚМК-ның қоржынында Hyundai, Subaru, BMW және MINI брендтерінің дистрибьюторлық бизнесі, және де Hyundai, Subaru, BMW, MINI, Toyota, Lexus және Nissan сияқты жекелік бизнестің 13 дилерлік орталықтары, Hyundai Auto Trans кәсіпорында коммерциялық техниканы құрастыру өндірісі мен Astana Motors Leasing компаниясынан тұрады.


2013 жылғы "Астана Моторс" компаниясының жұмысының негізгі қорытындылары


2013 жылдың қорытындысы бойынша "Астана Моторс" компаниясының жалпы сатылымдары (жеңіл автокөліктер мен коммерциялық техника) 21 447 данаға жетті. Бұл көрсеткіш 2012 жылға қарағанда 63% өсті. Компания өз сатуларының жаңа тарихи рекордын жасады. ҚР Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) мәліметтері бойынша 165 710 автокөлік сатылған.
20 407 дана жеңіл автокөлік сатылған болатын. Компанияның нарықтағы үлесі 13,3% құрады. 2012 жылмен салыстырғанда сатылым өсімі 64,4% құрады. Тұтасымен алғанда ҚАБҚ мәліметтері бойынша Қазақстан нарығында 153 664 бірлік жеңіл автокөліктер сатылған.
1040 дана коммерциялық автокөлік сатылып 2012 жылы сатылған 747 данамен салыстырғанда өсім 39% құрады. ҚР-ғы ҚАБҚ мәліметтері бойынша барлығы 12 046 бірлік коммерциялық техника сатылған, 2012 жылға өсім 6,78% құрады.
Hyundai Auto Trans автокөлік құрастыру кәсіпорны 2012 жылдағы жиналған 759 данамен салыстырғанда 1048 дана коммерциялық техника шығарып, 38% құрайтын өсімді көрсетті.
"Астана Моторс" компаниясы ҚР бюджетіне саладағы ең ірі салық төлеушісі болып табылады: 2013 ж. мемлекеттік бюджетке салықтық және кедендік төлемдер 15 млрд. теңгені немесе долларға шаққанда $100 млн. құрады. Бұл көрсеткіш 2012 ж. қарағанда 76% өскен.


"Астана Моторс" компаниясының 2013 жыл бойынша жеңіл автокөліктерінің сатылу құрылымы

 

Дистрибьюторлар


Hyundai 2013 ж. ҚР 12 250 көлік сатып Қазақстанда ресми түрде сатылатын барлық автокөлік брендтерінің арасында төртінші орыннан үшінші орынға көтерілсе, әлемге әйгілі брендтердің арасында бірінші орынды иеленді*: 2012 ж. сатылған 6 839 данамен салыстырғанда 2013 ж. 12 250 дана сатылып, өсім 79% құрады. 2013 жылы Hyundai Motor Company компаниясы Hyundai Kazakhstan компаниясына "ТМД мен Шығыс Еуропа өңірінің ең үздік дистрибьюторы" атағын берді.
Subaru: 2013 ж.1192 дана., 2012 ж. – 581 дана. сатылды, өсім 105% құрады. Былтырғы жылы Subaru Kazakhstan компаниясы Subaru автокөліктерінің әлемдегі сатылымдарының ең жоғары өсім қарқыны үшін беделді Subaru Sales Award сыйлығымен марапатталды.
BMW және MINI: 2013 ж.245 дана, 2012 ж. – 222 дана сатылды, өсім -10%.


Дилерлер


Toyota Астана Моторс 2013 ж.4985 көлік сатылды, бұл ҚР-дағы осы маркадағы автокөліктердің жалпы сатылымының 42%-ын құрады. 2012 ж. – 3675 дана, өсім - 36%.
Nissan Aстана Моторс 2013 ж.1239 дана сатылды, ҚР-дағы осы маркадағы автокөліктердің жалпы сатылымының 20%-ы. 2012 ж. – 747 дана, өсім - 66%.
Lexus Астана Моторс: 2013 ж.496 дана сатылды, ҚР-дағы осы маркадағы автокөліктердің жалпы сатылымының 40%-ы. 2012 ж. – 342 дана, өсім - 45%.

"Астана Моторс" компаниясының Hyundai коммерциялық техникасын өндіріп сатудағы 2013 жылдағы көрсеткіштері

2013 ж. ҚР-ның ішкі нарығына Hyundai коммерциялық техникасының 730 данасы сатылып, , 2012 жылы сатылған 499 данамен салыстырғанда көрсеткіш 46% өсті. Сонымен қатар Белоруссияға өткен жылы 318 жүк көлігі экспортталып, бұл көрсеткіш 2012 жылы Экспортталған 260 данамен салыстырғанда 22% өсімді көрсетті.
2013 ж. Hyundai Auto Trans кәсіпорны жаңа техника түрлерін: Hyundai H1 негізінде жедел жәрдем көрсету кареталарын және Hyundai County негізінде ТЖМ апаттан құтқару автокөліктерін шығаруды игерді. Шығарылған өнімінің қазақстандық құрамының үлесі шассилер мен жабдықтарға қатысты қондырмаларды (борттар, рефрижераторлар, фургондар, арнайы техника) өндіру мен орнатудың есебінен қазірдің өзінде орташа есеппен 30% құрайды.

2013 жылғы жеңіл автокөліктерін сатудағы негізгі беталыстар

Нарық құрылымындағы ресми сатылымдардың үлесін нығайту. Экономиканың өсуі, сондай-ақ ҚР үкіметінің құрылымдық реттеуінің арқасында ресми дилерлер сататын жаңа автокөліктерге деген сұраныс артып келеді және шетелден әкелінетін пайдалануда болған автокөліктердің үлесі азаюда. Нарық барынша өркениетті, айқын және клиентке бағытталған сипатқа ие бола бастауда.
Сервистік қызмет көрсетү сапасына байланысты клиент талаптарының артуы. Сатып алушы ресми дилерлермен өзара әрекеттесуге үйренеді және сату мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуге жоғары талап қоя бастайды. Нарықтағы негізгі бәсекелестік күрес компанияның клиенттің ниеттестігіне ие болып және оны сақтап қалу қабілетінің айналасында дамып отыратын болады.
Республика бойынша дилерлік желіні дамыту. Қолайлы инвестициялық жағдай және өңірлердегі азаматтардың әл-ауқатының өсуі толыққанды қызмет көрсететін жаңа автокөліктердің ашылуына ықпал етуде.
Несиеге сатулардың өсімі. Былтырғы жыл бойы банктердің автонесиелендіру бойынша ұсыныстарының көбеюі байқалып отырды. Мысалы, 2013 ж. "Астана Моторс" шеңберінде несиеге сату үлесі 2012 ж. 11% салыстырғанда 33% құрады. Былтырғы жылдың IV тоқсанында ҚМК-да несиеге сатудың үлесі 40% жетті.

«Астана Моторс» компаниясының 2014 жылға арналған стратегиясы

Бизнестің өсуі
2014 жылы «Астана Моторс» дистрибьюторларынан премьера
2014 жылы Hyundai жаңартылған Accent, Elantra және Tucson, сондай-ақ жаңа i30, Sonata, Genesis және Grand Santa Fe бестселлерлерін ұсынатын болады. Subaru жаңа WRX және WRX STI қуантатын болады. BMW маркасының 2 сериялы, 4 сериялы, М3, М4 және Х4 кроссоверінің жаңа үлгілерінің сатылымын бастайды, жаңа Х5 үлгісінің 3,0-литрлік нұсқасы шығады. MINI хэтчбектің жаңа буынын таныстырады.

1. Бизнесті сапалы кеңейту
Ең заманауи және жайлы дилерлік орталықтарын салу. Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айында «Астана Моторс» Алматы мен Астанадан «3S» форматындағы Hyundai Premium төрт автоорталықтарын ашады, олар әлем бойынша корей автоөндірушісінің ең жаңа стандарттарына алғашқылардың бірі болып сай болады, Қостанайдағы Hyundai, сондай-ақ Алматыдағы «Бавария Автоорталығы» (BMW, MINI, Rolls-Royce). Сонымен қатар, 2014 жылы компания Ақтау қ. мультибрендтік автоорталығының, Астанадағы Subaru және Hyundai дилерлік орталықтарының құрылысын бастайды.
Брендтер қоржынын кеңейту. 2014 жылғы наурыз айында «Бавария Автоорталығы» ҚР нарығында BMW Group концерніне енетін әйгілі британдық Rolls-Royce маркасын ұсынатын болады.

2. Клиенттерді қанағаттандыруға бағытталған алдыңғы қатарлы құралдары енгізу.
Сервистің толық жинағын қалыптастыру үшін Trade-in бағытын дамыту.
«Астана Моторс» қаржылық өнімдері» меншікті бағдарламамыз арқылы ыңғайлы автонесиелендіруді одан әрі дамыту.
Ілгері салалық IT-шешімдерге негізделген клиенттерге бағытталған бизнес-үрдістерді дамыту.

3. Компанияның әлеуметтік белсенділігі. «Астана Моторс» жыл сайын мәдениет, өнер, білім беру мен спорт саласын дамытуға көмек көрсетумен бірге көптеген қоғамдық жобаларға қолдау көрсетіп отырады.
Pro Team Astana кәсіпқойлар велокомандасының демеушілігі, ол Қазақстанды әлемдік велотурларда танытады.
«Бірінші болу батылдығы» қайырымдылық марафонының бас демеушілігі.
«Алматы туры» халықаралық веложарысқа демеушілік көрсету.
«Қазақстан Барысы» ұлттық турнирін қолдау.
ҚР суретшілерінің көрмелерін өткізу, Қазақстан өнер туындыларының каталогтарын шығару.
Ауылды жерлердегі дарынды балаларға арналған білімдік гранттар.
Алматы қ. №2 түзету мектеп-интернатын қамқорлыққа алу және өзге жобалар.

4. ҚР-ны индустриаландыруға қосқан үлесі. 2014 жылы Hyundai Auto Trans кәсіпорны техниканың 2 636 бірлігін шығаруды жоспарлауда. Қаңтардың соңына дейін кәсіпорын коммерциялық техникаға арналған әртүрлі қондырма түрлерін шығаратын жаңа цехты іске қосады. Бұл қазақстандық нарықтың отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар арнайы техникаға қатысты сұранымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық құрамының үстеме бағасы жоғары өнімнің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.