«ЖАҚСЫ АВТОКӨЛІК, АЛАМЫЗ». ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ CHERY БРЕНДІНЕ ЛАЙЫҚТЫ БАҒА БЕРУІ

Түрлі елдердегі 10 миллион тұрғын Chery автокөлігіне ие. «Астана Моторс» Қазақстанда Chery автокөліктерінің ресми сатылымын іске қосқан сәттен, яғни 2021 жылғы желтоқсаннан бері отандық автопаркті 3000 астам жаңа Tiggo 4, Tiggo 8, Tiggo 4 PRO, қазақстандықтар арасында аса танымал Tiggo 7 PRO және Tiggo 8 PRO, сондай-ақ жаңа Tiggo 8 PRO MAXтолықтырды, олардың бірін таяуда Chery Mycar Almaty дилерлік орталығында Chery Kazakhstan-ның 3000-шы клиенті Карим Санварович Лома сатып алды.

Карим Санварович өзінің ұлы Ринатпен бірге жаңа кроссовер алуға келіп, қытайлық брендтің автокөлігін сатып алу себебін айтып берді.

Карим Санварович: Ұлым екеуіміз Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа автокөлік таңдадық, Tiggo 8 PRO MAX көлігімен тест-драйв өттік те, мен былай дедім: «Болды, осы машинаны аламыз». Маған осы модельдің классикалық стилі ұнайды, ал ішіндегісін, электроникасын жете түсінуге ұлым көмектеседі (күледі). Автокөлікте дауыспен басқарылатын көмекшінің, бүйірлік көрініс камераларының, шұғыл тежеу жүйесінің бар болғаны ыңғайлы. Бұл «ақылды» машина, жүргізуші үшін ойлап, есептейді және басқарылуы да оп-оңай. Маңызды жайт – Алматыдағы сервис, автокөлікке кепілдік – жеті жылды немесе 200 мың километрді, ал электроникаға кепілдік үш жылды құрайды – бұл тамаша ғой!

Модель өндірушісінің айтуынша, толық жетекті Tiggo 8 PRO MAX артықшылықтарының қатарында үнемді екі литрлік үшінші буын қозғалтқышы бар. Tiggo 8 PRO MAХ кроссовері жылдам әрі қуатты, жоғары технологияларды қолдана отырып әзірленген, орнынан сағатына 100 км-ге дейін сегіз секундтан кем уақытта үдейді.

Ринат: Әкем өзіне жақсы, сенімді көлік таңдады, мен қуаныштымын. Ол жұмсақ, жақсы үдейді, қозғалтқышы қуатты, шудан керемет оқшауланған. Және Chery автокөліктерін өндірген кезде жетекші еуропалық жеткізушелірдің сенімді әрі технологиялы құрамдас бөлшектері қолданылады, сондықтан қытайлық брендке қатысты күмәніміз болған жоқ. 

Tiggo 8 PRO MAX моделінің артықшылары қатарында ADAS жүйесі бар, ол жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Жаңа Chery моделінің әзірлеушілері бұған дейін Mercedes Benz, BMW және Audi жабдықталған ADAS технологияларын қолданды. Осылайша Chery ең озық қауіпсіздік жүйесін қолданатын әлемдегі төртінші автокөлік бренді болды.

Карим Санварович: Мен қытайлық өндірушіге сенемін, себебі жоғары технологиялары бар ірі зауыттарда қатаң сапа бақылауы бар, әсіресе экспортқа шығарылатын тауарлардың сапасы бақыланады.

Демекші, Chery Automobile қытайлық автоконцерні қатарынан 19 жыл бойы бүкіл әлем бойынша жеңіл автокөліктердің экспортында көш бастап келеді. Аяқталмаған жыл ішінде Chery Қазақстандағы ең танымал қытайлық бренд атанды. 2022 жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы сатылымдар қорытындысы бойынша Chery елдегі танымал автобрендтер ондығында алтыншы орынға ие болды, ал қазан айында ол рейтингтің төртінші жолына көтерілді.

Бүкіл әлемде клиенттеріне ерекше көңіл бөлуімен танымал Chery брендінің дәстүріне сай Қазақстан Астанадағы, Алматыдағы, Қостанайдағы, Қарағандыдағы, Павлодардағы, Шымкенттегі, Ақтөбедегі, Атыраудағы, Оралдағы дилерлік орталықтарда, соның ішінде онлайн Mycar.kz сайтында бейілді клиенттер аясын кеңейтуді жалғастырып жатыр. Жуықта Ақтауда жаңа Chery дилерлік орталығы өз есігін айқара ашты.

Chery клиенттерінің қатарында корпоративтік клиенттер де бар, соның ішінде жетекші FMCG-компаниялардың бірі өз паркі үшін Chery брендінің 22 кроссоверін сатып алды.

2022 жылдың қараша айында «Астана Моторс» Алматы Индустриалды аймағында үш қытайлық автобрендті, солардың ішінде Chery брендін өндіретін толық циклді мультибрендті зауыттың құрылысына кірісті. Бұл жүз пайыз қазақстандық кәсіпорын болады, «Астана Моторс» жобаға 100 миллиард теңгеден астам қаржы салады. Жаңа зауыттың қуаты – 90 мың автокөліктен астам, мұнда бүкіл көлем шанақты дәнекерлеу және бояу арқылы тек ұсақ торапты әдіспен өндіріледі.

Алғашқы автокөліктердің пилоттық өндірісі 2025 жылдың басында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Демек, таяуда Қазақстанда жаңа отандық өндіріс көліктерінің саны көбейіп, Chery қазақстандықтарға одан да жақынырақ болмақ.


Қазақстандағы Chery бренді туралы толығырақ ақпаратты 7007 телефон нөмірі бойынша «Астана Моторс» байланыс орталығынан алуға болады.

 Nur.kz