«Астана Моторс» компаниясы қызметкері Жәнібек Қанатбаев Муай-Тай бойынша Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

«Астана Моторс» компаниясының Жедел ден қою қызметінің қызметкері Жәнібек Қанатбаев Муай-тай бойынша Әлем чемпионатында күміс медальге ие болды. Жарыс БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында 24 мамыр мен 4 маусым аралығында өтті және 80 елден келген 700 спортшы үшін жарыс алаңына айналды.

Жәнібек 67 килограмға дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Қанатбаев өз бәсекелестерін Henry Rohtla (Эстония), Erdem Taha Dincer (Түркия)  айқын басымдылықпен жеңді. Ол сонымен бірге Karimjon Karimov (Өзбекстан) атты спортшыдан мықты болды. Қазақстандық финалға сәтті жетіп, тартысты күресте Тайланд командасының капитаны Anueng Khatthamasri атты спортшысына жеңіліп, әлем чемпионатының құрметті "күмісін" иеленді.

«Жәнібек – муай-тай бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары дәрежелі спортшы және Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына кіреді. Жас кезінен грек-рим күресімен, бокспен шұғылданды, халықаралық спорт жарыстарына қатысты, жүлделі орындарға ие болды, – дейді «Астана Моторс» компаниясының Қауіпсіздік департаменті директорының орынбасары Мейірхан Өмірбеков, - біз Чемпионаттағы оның жарыстарын мұқият қарап отырдық, Жәнібек үшін жанкүйер болдық және оның жетістіктері үшін өте қуаныштымыз!»

Жеңіс тұғырына Жәнібек Қазақстанның байрағымен және «Астана Моторс» компаниясының туымен көтерілді. Өзінің бұл ісін компаниядағы жұмысымен мақтанатындығын жеткізді.

«Біздің республикамыздың байрағы мен «Астана Моторс» компаниясының туын осындай елеулі халықаралық шарада көтеруді өзіме мәртебе деп санаймын, - деп қуанышымен бөлісті Жәнібек, - болашақта да үздік нәтижелерге жететініме сенімдімін».

Жалпы командалық жарыста Қазақстан құрама командасы 9-шы орын иеленді, 2 алтын, 7  күміс және 1 қола медальге ие болды.