«АСТАНА МОТОРС» ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК LEXUS ASTANA ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН САЛАДЫ

Жобаны Chapman Taylor британдық сәулет бюросы әзірледі

Нұрлан Смағұлов, Джон Томсон және Паскаль Руш болашақ Lexus Astana дилерлік орталығының іргесіне уақыт капсуласын сақтауға салды
Фотосурет: архив баспасөз қызметінің архиві

Жетекші британдық сәулетшілер мен Chapman Taylor компаниясының әзірлеушілері «Астана Моторс» тапсырысы бойынша Lexus Astana дилерлік орталығын жобалады. Ауданы шамамен төрт мың шаршы метр болатын автосалонның жаңа ғимараты Қазақстанның елордасы Астана қаласының Нұра ауданында салынады.

3 қыркүйек күні Астанада «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының президенті Джон Томсон, Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш пен «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов болашақ Lexus Astana дилерлік орталығының іргесіне «уақыт капсуласын» сақтауға салды. Келешек ұрпаққа арналған жолдау бренд нышандарымен бірге буып-түйіліп, капсулаға салынды, ал капсула жоспар бойынша 65 жылдан кейін, яғни Lexus брендінің 100 жылдығына ашылмақ.

«Lexus Astana жаңа дилерлік орталығының құрылысы Қазақстандағы Lexus дилерлік желісінің сенімді дамуын және брендтің «Астана Моторс» компаниясымен табысты әріптестік орнатуын білдіреді. Қазақстандықтардың осы брендтің автокөліктеріне деген жоғары сенімі Lexus автокөлігін премиум сегменттің көшбасшысына айналдырады және біз Қазақстандағы Lexus табысы жөніндегі тарихымызды «Астана Моторс» компаниясымен қуана бөлісіп отырып, бұл орталықтың Еуропадағы ең үздік Lexus дилерлік орталығы болатынынына сенімдіміз», — деді Lexus Europe вице-президенті Паскаль Руш.

Болашақ дилерлік орталық   Фотосурет: баспасөз қызметінің архиві

Lexus дилерлік орталығы Астана қаласында 2012 жылдан бастап жұмыс істейтінін естеріңізге сала кетейік және ол құрылыс аяқталған соң кең шоурумы мен клиенттерге арналған жайлы аумағы бар жаңа ғимаратқа көшеді. Ғимарат Lexus брендінің стандарттарына сай қазақтың халқының мәдениеті мен ұлттық стиль элементтерімен жобаланған.

«Тойота Мотор Қазақстан» мен «Астана Моторс» арасындағы серіктестік 30 жылдан астам уақыт бойы сәтті жалғасын тауып келеді. Осы уақыт ішінде компанияларымыздың басты назарында болған нәрсе – бұл клиенттер, олардың неге қызығып, нені күтетіні, – деді «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов. – Біз әлемге танымал Leхus брендімен байланысты нығайтуға ұмтыламыз және клиенттер үшін ең жоғарғы жайлылық деңгейін қамтамасыз ете отырып, ынтымақтастықты сақтауға ниеттіміз».

Жоба авторлары — Chapman Taylor            Фотосурет: баспасөз қызметінің архиві

Lexus бренді Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалаларында ұсынылғанын естеріңізге сала кетеміз. Брендтің сервистік орталықтары Қарағанды және Орал қалаларында жұмыс істейді. 2023 жылы қазақстандықтар 2040 Lexus автокөлігін сатып алған. Сөйтіп, бренд премиум-сегменттегі сатылымның 58%-дан астам бөлігін құрап, Қазақстан нарығында ұсынылған премиум автокөлік брендтері арасында дағдылы көшбасшы болды.