Жаңалықтар

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы балалар ауруханасына жеміс бағын сыйлады.

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы сенбі 21 мамырда экологиялық іс-шара өткізді. HAK қызметкерлері Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына 100 түп алма мен алмұрт ағашынан тұратын бақ отырғызды.

HYUNDAI РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ ЖЕҢІЛДІКПЕН АВТОКРЕДИТ БЕРУ 2022 БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Бүгін алғашқы клиенттер Hyundai дилерлік орталықтарында автокөліктерді төлеу шоттарын алды. Бағдарламаға қатысушы банктердің бірі жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы аясында қарыз алушыларды қаржыландыру процесін бастады. Бұл жақын арада Қазақстан бойынша Hyundai дилерлік орталықтарында Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан жаңа автокөліктерді клиенттерге беру басталады деген сөз.

Skills Grand Prix 2022: Toyota және Lexus дилер орталықтары қызметкерлерінің жеңісі

Алматыда Skills Grand Prix 2022 жыл сайынғы конкурсы аяқталды. Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus дилер орталықтарының қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберлігін паш етті.

Chery айдың ең жақсы қызметкерлерін марапаттауды бастады

Автомобильдерді сату желтоқсанда басталды, "Астана Моторс" құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы - First Motor Group басшылығы үздік менеджерлерді көтермелеу туралы шешім қабылдады.

«АСТАНА МОТОРС» ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КАДРЛАР ТАПШЫЛЫҒЫ ПРОБЛЕМАСЫН ҚАЛАЙ ШЕШЕДІ?

Цифрландыруға бағытталған жаһандық тренд, технологиялардың қарқынды дамуы және дүниежүзілік қауымдастық соңғы кездері тап болған сын-қатерлер коммерциялық секторда және өнеркәсіпте кәсіби-техникалық кадрлардың тапшылығын шиеленістіріп жіберді.

Қазақстанда алғашқы Chery Tiggo 7 Pro ресми автоәуесқойлар клубы құрылды

Алматыда қытайлық автомобиль бренді жанкүйерлеріне арналған автопикник өтті.

Бүгін қазақстандық ғашықтар мерекесі: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні

Ғашықтардың ортақ қызығушылықтары неғұрлым көп болса, олардың одағы соғұрлым күшті болады. Ал ортақ істен артық не біріктіре алады? Танысып қойыңыздар, бұл Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жас отбасылары.

Алматы көпсалалы колледжінің студенттері Тойота Центр Алматыда қонақта болды

Олар үшін экскурсияны автоорталықта ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан жұмысшылардың бірі, техникалық директор Евгений Леонгард өткізді. Тойота Центр Алматы-да ол 28 жылға жуық жұмыс істейді.

АЛМАТЫ ӘКІМІ ЕРБОЛАТ ДОСАЕВҚА АВТОКОМПОНЕНТТЕР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТЫҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мегаполис әкімі Ерболат Досаев Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын отандық зауытта болды. «Астана Моторс» еншілес кәсіпорны қаланың Индустриялық аймағында орналасқан.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚЫТАЙ АВТОКӨЛІКТЕРІН ТАҢДАЙДЫ: CHERY ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІНІ КЕҢЕЙТЕДІ

Кроссоверлердің қолжетімді бағасы, автокөліктердің жоғары сапасы мен салондарда бар болуы қытай автокөліктерінің артықшылығына айналып барады. Chery дилер орталықтарының желісі таяуда бүкіл Қазақстанды қамтиды, деп хабарлайды «Астана Моторс» құрамындағы First Motor Group ресми дистрибьюторы.

Hyundai Motor Company атқарушы директоры Мун Сангмин «Астана Моторс» басқармасының құрамына кірді

Мун Сангмин – механикалық конструкцияларды инженерлік жобалау бакалавры, Пусан ұлттық университетін бітірген, 35 жылдан астам уақыт бойы Оңтүстік Кореяның ең ірі автомобиль жасау компаниясы – Hyundai Motor Company-да (HMC) жұмыс істеген.

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ АЛЫМЫНЫҢ ЖАҢА ТАРИФТЕРІ КҮШІНЕ ЕНГЕННЕН КЕЙІН ИМПОРТТЫҚ АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ БАҒАСЫ ӨЗГЕРЕДІ

Қазақстандағы автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрлеріне арналған кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі 50%-ға төмендейді. Бұл туралы 2022 жылдың 23 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.