Hyundai IONIQ 5 электркары: зарядталып, Қазақстанды бағындыруға дайын тұр

Көптен күткен Hyundai IONIQ 5 электрмобилі Қазақстанда ресми түрде сатып алуға қолжетімді.

«Біз Қазақстанда электрмобильдерге сұраныстың өсіп келе жатқанын байқаймыз және жүз пайызға электрлі автокөлік – Hyundai маркасының мақтанышы, толық жетекті IONIQ 5 кроссоверін ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл автокөлік Кореядан импортталады және сатып алушыларымызға ресми дилерлік орталықтарда өндіруші тарапынан кепілдікпен бірге ұсынылады. Біз Hyundai электркарының ресми түрде пайда болуы Қазақстандағы зарядтау инфрақұрылымының дамуына түрткі болатынына сенімдіміз. Өз кезегімізде біз Алматыдағы барлық Hyundai дилерлік орталықтарын зарядтау станцияларымен жабдықтап қойдық, қыркүйек айында Астанадағы автоорталықтарымызды зарядтау станцияларымен жабдықтауды аяқтаймыз», – деп хабарлады «Астана Моторс» құрамындағы Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының директоры Марат Смағұлов.

Eco жинақтамасындағы Hyundai IONIQ 5 автокөлігінің құны – 28 590 000 теңге, Hyundai ресми дилерлік орталығындағы 5 техникалық қызмет көрсету сыйға беріледі.

Үздік, жүйрік, электрлі

IONIQ 5 World Car Awards беделді марапатын «Бүкіләлемдік жыл автокөлігі», «Бүкіләлемдік жыл электрмобилі» және «Бүкіләлемдік жыл автокөлік дизайны» санаттары бойынша үш мәрте жеңіп алды.

Hyundai Electric-Global Modular Platform (E-GMP) жаңа платформасы тез зарядтауды, ұзағырақ жүріс қорын – 460 км, үлкенірек ішкі кеңістікті және үздік басқарымдылықты қамтамасыз етеді.

IONIQ 5 – жүйрік әрі төзімді. Толық жетекті нұсқасына жылдамдығын 100 км/сағ-қа дейін үдету үшін небәрі 5,2 секунд қажет. Максималды жылдамдығы – 185 км/сағ.

Алдыңғы және артқы осьтерге кіріктірілген екі электрқозғалтқыш (305 а.к. және 605 Нм айналдыру сәті) қала ішінде және табиғат аясында жайлы, динамикалық қозғалысты қамтамасыз етеді.

IONIQ 5 көлігін қалай зарядтау керек?

Автокөлікті дилерлік орталықтарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, тұрғын үй кешендерінде орналасқан зарядтау станцияларынан зарядтауға болады. Зарядтау уақыты – станцияның қуатына байланысты 30 минуттан 90 минутқа дейін. Жақын жердегі станцияны қаланың электронды карталары және навигаторлар арқылы табуға болады.

Автокөлікті сондай-ақ үй жағдайларында да зарядтауға болады: батареяны «үйдегі розеткадан» зарядтау уақыты – 6 сағаттан әрмен қарай.

IONIQ 5 рекуперативтік тежелу жүйесі электрқозғалтқышты автокөлікті баяулату үшін қолдана отырып, аккумуляторды қозғалыс кезінде зарядтайды.

Оның үстіне автокөліктің өзі де «электр станциясы болып жұмыс істей алады» Тіпті қозғалтқышы өшірілген күйде Vehicle-to-Load технологиясының көмегімен электркарға адаптер арқылы ноутбукті, кемпингке арналған жабдықтарды және кез келген гаджеттерді жалғауға болады.

Барлық жағынан жайлылық пен экологиялық тазалық

Бұл стильді әрі салтанатты автокөліктің экологиялық таза және қайта өңделген материалдардан жасалғаны Сізді таң қалдыратын болады. Салонды әрлеу үшін экологиялық таза материалдар: өсімдік сығындылары қолданыла отырып боялған экобылғары, қант құрағынан жасалған материалдар, жүн, өңделген пластик қолданылған. Мұның бәрі экологиялық таза, қауіпсіз және ұзаққа жарамды.

Өзінің өлшемдері бойынша IONIQ 5 орташа өлшемді кроссоверлермен, мысалы, Hyundai Tucson автокөлігімен салыстыруға келеді. Габариттік ұзындығы 4635 мм, ені 1890 мм, биіктігі 1647 мм.

IONIQ 5 габариттері жағынан ұқсас кроссоверлерден дөңгелек базасының үлкен өлшемімен ерекшеленеді – 3000 мм. Бұл Hyundai Palisade көлігінің көрсеткішінен де үлкенірек.

slider_248
slider_249
slider_250
slider_251
 

Және бір артықшылық – тегіс еден артқы қатардағы жолаушыларға көбірек кеңістік пен жайлылық ұсынады. Алдыңғы орындықтарды толықтай жатқызып қоюға болады. Жүксалғышының көлемі – 527 л, ал артқы орындықтары жиналған күйде – 1 600 л.

Автокөлік мінсіз дыбыстан ләззат алу мүмкіндігін сыйлайтын BOSE премиумдық аудиожүйесімен жабдықталған.

Ақылды және қауіпсіз

Hyundai Smart Sense электронды көмекшілер жүйесі көлікті апатсыз жайлы жүргізуге арналған ең жаңа функцияларды қамтиды.

Қорытынды бояуы

Hyundai IONIQ 5 арнайы осы модель үшін әзірленген бес реңкті: ақ, қара, зәйтүн түстес, меруерттей жасыл, меруерттей көк және сұр түстің төрт түрлі реңкін қоса алғанда тоғыз асыл түсте ұсынылған. Оңтайландырылған аэродинамикалық сипаттамалары бар диаметрі 20 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер де арнайы IONIQ 5 үшін әзірленген.

Автокөлік Астанада және Алматыда бар, Қазақстанның аймақтарында алдын ала тапсырыс беруге қолжетімді. Толығырақ Қазақстандағы Hyundai ресми сайтында немесе 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығында біле аласыз.