Chery айдың ең жақсы қызметкерлерін марапаттауды бастады
Автомобильдерді сату желтоқсанда басталды, "Астана Моторс" құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы - First Motor Group басшылығы үздік менеджерлерді көтермелеу туралы шешім қабылдады.
"Ай қызметкері" атағын бірінші болып Қуаныш Байғожин иеленді. Ол Chery Nur-Sultan - да жұмыс істейді. First Motor Group директоры Нұрлан Шамгонов менеджерді құттықтап,табыс тіледі, жаңа смартфон табыстады.
"Мен Chery ашылған сәттен бері жұмыс істеймін. Жұмысымды өте жақсы көремін. Бұл атақ пен марапатқа ие болу ынталандырады, менің ойымша, бұл біздің ұжымның ортақ еңбегі. Бәрінен бұрын маған қанағаттанған клиенттерді көру ұнайды. Олардың алғысы жұмысыңды сапалы және адал орындауға күш пен мотивация береді. Орталықтардағы барша әріптесіме сәттілік тілеймін", - деді Қуаныш Байғожин.
Бүгінгі таңда Chery дилерлік орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай, Орал және Шымкентте ашылған. Сәуір және мамыр айларында Ақтөбе, Қарағанды және Ақтауда жаңа үш орталық ашу жоспарда бар.