Утильалымды алып тастау туралы петицияны қарастыру жөніндегі жұмыстық топқа үш автозауыт көрсетілді

18 маусымда утильалымды алып тастау туралы петицияны қарастыру шеңберінде жұмыстық топ «Астана Моторс» компаниялар тобына тиесілі коммерциялық техника және автокөліктер өндіретін жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарына, сондай-ақ салынып жатқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытына сапармен барды.

«Астана Моторс» тәуелсіз және меншікті интернет алаңдарында сапардың online-трансляциясын ұйымдастырды. Бекнұр Несіпбаев, CEO «Астана Моторс»: «Біз жұмыстық топтың сапарын ақпарат беру мақсатында пайдалануды шештік, біздегі зауыттарды аралатып экскурсия өткізу бойынша күтушілер тізімі үлкен, көргісі келетіндердің бәрін қабылдап үлгермей жатырмыз, бұл трансляция отандық өндірісті тамашалағысы келетіндердің бәріне жұмыстық топтың мүшелерімен бейнетурдан бірге өтуге мүмкіндік береді».

Алдымен танысуға Hyundai Trans Almaty коммерциялық техника зауыты ұсынылды. Бұл «Астана Моторстың» алғашқы автокөлік жасау жобасы. Кәсіпорын Hyundai, FOTON шассиінің базасында жүккөтергіштігі 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейінгі техниканың (бортты жүк көліктері, изотермиялық және өнеркәсіптік тауарларға арналған фургондар, рефрижераторлар және алуан түрлі мамандандырылған үстіңгі қондырмалар), сондай-ақ Golden Dragon автобустарының әртүрлі модельдері мен олардың 10 м-ден 18 м-ге дейінгі конфигурацияларының өндірісін жолға қойды.

Әділбек Гаев, Hyundai Trans Almaty директоры: «Жергіліктендіру және қазақстандық мазмұн бойынша қабылдаған міндеттемелерімізге сәйкес біз жолаушылар тасымалдайтын, коммерциялық және мектеп автобустарының, жүк автокөліктерінің шанақтарын дәнекерлеу және бояу тәсілдерін, сондай-ақ аспалы жабдықтар шығаруды игердік. Биыл ұсақ торапты әдіспен өндірілетін модельдердің тізімін қосымша кеңейтеміз, себебі Hyundai Porter моделінің өндірісін іске қосуға қажетті өндірістік алаңдарымызды – дәнекерлеу цехының, қондырмалар өндіретін цехтың, бояу және катафорезді желілерін кеңейту жұмыстары жүріп жатыр».

Жобаның жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрайды, кеңейтуден кейін кәсіпорынның ауданы 19,4 мың шаршы метрді құрайтын болады, ашылған жұмыс орындарының саны 413 адамға дейін ұлғаяды.

Келушілердің келесі аялдаған орны — Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер өндіретін толық циклды зауыты. Зауыттың жұмысымен Бекнұр Несіпбаев таныстырды: «Зауыт 2020 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Мұнда Hyundai брендінің жеңіл автокөліктерінің 11 моделі – Accent, Elantra, Santa Fe, Sonata, Tucson, Bayon, i30, i20, Palisade, Staria, Custin шығарылады, пилоттық түрде Genesis өндірісін іске қостық. Қазір ұсақ торап бойынша модельдік қатарды кеңейту бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз, келер жылы автокомпоненттер өндірістік кластерін іске қосудың есебінен жергіліктендіру пайызын ұлғайтуды көздеп отырмыз, кластерде Hyundai Trans Kazakhstan зауыты мен KIA зауытының қажеттіліктері үшін жылына 100 мың жиынтық көлемінде автокөлік орындықтары, полиуретан кілемшелер, қанат астарлары және автокөлік мультимедиа жүйелері шығарылатын болады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында дәнекерлеу, бояу, жинау, пластик бөлшектерді бояу цехтары және компоненттер қоймасы бар. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Motor Company талаптарына сай келеді және Еуропада, АҚШ-та және Азияда әлемдік деңгейдегі зауыттарды сертификаттайтын VCA (Ұлыбритания), RDW (Нидерланд) және TÜV Rheinland Korea сияқты танымал компаниялардың сертификаттау құжаттарын алған.

Жобаның жалпы құны 46 млрд теңгені құрайды, кәсіпорынның ауданы – 40 мың шаршы метр, ашылған жұмыс орындарының саны – шамамен 1300 адам, кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 50 000 бірлік.

Сондай-ақ жұмыстық топтың назарына салынып жатқан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты ұсынылды. Онда 2025 жылдың І тоқсанынан бастап Chery, Changan автокөліктерінің және Great Wall Motor концернінің бірқатар модельдері – Haval және Tank-тың өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Қуаты – жылына 90 мың бірлік.

Бекнұр Несіпбаев: «Біз «толық циклды автоөнеркәсіп» құрудың әлеуетін көріп отырмыз». Автокомпоненттер өндірісі автоөнеркәсіпке металл өңдеуден бастап мұнай-химияға дейін басқа салаларды да жұмылдыратын болады. Автоөнеркәсіп өз алдына оқшау дамымайды, ол артынан елдің бүкіл өндірістік кешенін ілестіреді, бәрін де өзгертеді».

Таныстыру турының соңында жұмыстық топтың мүшелері мен БАҚ өкілдеріне арналған сұрақтар мен жауаптар сессиясы өткізілді, әңгіме барысында өндірушілер мен инвесторлардың алдында тұрған тосқауылдар туралы тақырыптар, утильалымнан жиналған қаражат жұмсалатын салалар, оны үлестірудегі Жасыл Дамудың ролі, утильалымды алып тастауды қолдайтын петиция бойынша алда тұрған қоғамдық тыңдаулар сөз етілді.

Жомарт Әлиев, ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі: «Қоғамда белгілі бір пікір қалыптасты, соның ішінде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерімен байланысты оқиғаның және біршама ақпараттық вакуумның салдарынан, біз егжей-тегжейлі түсіндірме жүргізбедік, бұл біздің де жіберген кемшілігіміз. Утильалымнан түскен қаражат Экологиялық кодекстің 388-бабында айтылған мақсаттарға ғана жұмсалады. Соның ішінде автоөнеркәсіпті қолдау да бар, алайда оның мағынасы автоөндірушілерге ақша бөлуден емес, оларды утильалымнан босатудан тұрады. Яғни елімізге шетелде шығарылған автокөлік алып келетін болсаңыз, утильалым төлейсіз, автокөлікті өзімізде өндірсеңіз, төлемейсіз, сәйкесінше автокөлік бағасында утильалым да жоқ. Ал автоөндірушілерге утильалымнан ешқандай қаражат берілмейді».

Жұмыстық топтың кезекті сапардағы отырысына ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы вице-министрлері, ішкі істер, ұлттық экономика, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Қазақстанның автокөлік одағының, Қазақстанның Өнеркәсіптік инвесторлар одағының, Қазақстан Тәуелсіз бизнес одағының өкілдері қатысты. Петицияға бастама көтерушілер алматылық зауыттарға жасалатын турды және жұмыстық топтың отырысын елеусіз қалдырды.

Трансляция жазбасы келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
YouTube: https://youtube.com/live/8JQTQHNlUZI?feature=share