Haval бренді Dargo кроссоверіне алдын ала тапсырыстар қабылдай бастады
Жоғары технологиялы HAVAL Dargo кроссовері – 2022 жылғы жаңа өнім. Тамыз айының соңында автокөліктердің бірінші партиясы Қазақстандағы HAVAL дилер орталықтарына келіп түседі. Қазір Dargo моделіне алдын ала тапсырыстар қабылдана бастайды. Құны – 14,8 млн теңгеден бастап. Ресми дистрибьютор – Haval Motor Kazakhstan, «Астана Моторс» құрамына кіреді.
HAVAL Dargo өз бойына қалалық кроссовердің функционалдығы мен жол талғамайтын көліктің жоғары өтімділігін үйлестіреді.
Автокөліктің ұзындығы – 4620 мм, ені – 1890 мм, биіктігі – 1780 мм. Дөңгелектер базасы – 2738 мм. Клиренсі – 200 мм.
Haval Dargo моделі L.E.M.O.N. платформасында жасалған, бұл автокөліктің салмағын азайтуға, динамика мен үнемділікті арттыруға, шанақтың беріктігі есебінен қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік берді.
Қуатты әрі экологиялық таза
Haval Dargo турбиналы үрлемі бар, қуаты 192 а.к. құрайтын 2 литрлік бензиндік қозғалтқышпен және роботтандырылған 7 сатылы 7DCT беріліс қорабымен жабдықталған. Қозғалтқыштың артықшылықтары — үнемділік, шығарындылардың төмен деңгейі, қызмет көрсету оңайлығы, аз салмақ және жоғары өнімділік. Кроссовер жылдам әрі бірқалыпты үдейді – қозғалтқыштың беріліс моментінің тиімділігі – 98,8%, берілісті ауыстыру жылдамдығы – 0,2 секунд.
2020 жылы GWM өндірген GW4N20 сериялы қозғалтқыш "China Heart" рейтингісі бойынша 10 үздік қозғалтқыштың қатарына кіріп, қытайлық автоөнеркәсіптің технологиялар саласындағы жетістігі деп танылғанын айта кетейік.
Haval Dargo моделі алдыңғы және толық жетек нұсқаларында ұсынылған. Толық жетекке Haldex 5 Generation электронды басқарылатын муфтасы жауап береді. Жүйе тарту күші мен басқарылу оңтайлы болуы үшін алдыңғы және артқы дөңгелектер арасында қуатты автоматты түрде бөледі.
Стильді әрі жайлы
HAVAL Dargo урбанистік дизайнымен және айрықша геометриялық пішінімен ерекшеленеді. Автокөлік өжет әрі сенімді көрінеді, жарықдиодты дөңгелек алдыңғы фаралар, бұрыштары доғал трапеция тәрізді радиатор торы, төртбұрыш дөңгелек аркалары, бірыңғай сәндік сызықпен біріктірілген сәндік артқы шамдар әсерді күшейте түседі.
HAVAL Dargo интерьері салтанатты, жайлылықты және технологиялылықты біріктіреді. Салон жоғары сапалы материалдардан жасалған, толық жинақтама үшін алькантарадан (жасанды жұмсақ тері) тігілген бүйірлік ендірмелері мен саңылаулары бар табиғи былғарыдан жасалған салон қолжетімді. Жүргізуші орындығы массаж функциясымен жабдықталған.
Көлік иелері жүксалғышқа қала жағдайларында да, қала сыртындағы сапарлар кезінде де лайықты баға береді.
Алдыңғы тақтада үш экран бар: 10,25 дюймдік экраны бар цифрлық аспаптар тақтасы, мультимедиа жүйесінің 12,3 дюймдік сенсорлық экраны, жылдамдықты, белгілерді тану жүйесінің және круиз-контроль жүйесінің деректерін қадағалауға арналған проекциялық дисплей.
Қауіпсіз әрі интеллектуалды
HAVAL Dargo жеті қауіпсіздік жастығымен жабдықталған: алдыңғы, алдыңғы қатарға арналған бүйірлік, салонның бүкіл ұзындығы бойынша қауіпсіздік қалқалары, жүргізушіге арналған тізе жастығы.
Автокөлік алдын алу қауіпсіздігі жүйелерінің пакетіне ие болды:
- төмен жылдамдықпен жүргізу функциясы бар бейімделетін круиз-контроль (ACC);
- жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді анықтау функциясы бар автоматты тежеу жүйесі (AEB);
- жолаққа қайтару және жолақ ортасында ұстау функциялары бар қозғалыс жолағынан шығуды ескерту жүйесі (LDW+LKA+LCK);
- жолақта шұғыл ұстау жүйесі (ELK);
- көзден таса аймақтарды бақылау (BSM+LCA);
- жол қиылыстарынан өткенде соқтығысудың алдын алу функциясы (AEB Crossroad);
- жол белгілерін тану (TSR), арттан қағу (RCW) және ашық есік (DOW) туралы ескерту;
- тежеу функциясы (RCTB) бар тұрақтан артпен шығуға көмектесетін жүйе (RCTA).
«Мөлдір капот» функциясына ерекше назар аударған жөн. Мониторға кедергіден өтуден бірнеше секунд бұрын түсірілген алдыңғы камераның кескіні шығарылады. Қозғалыс жылдамдығына қарай кескін экранға нақты уақыт режимінде тура алдыңғы дөңгелектер астындағы кеңістіктің кескіні шығарылатындай етіп синхрондалады. Суретке дөңгелектер мен алдыңғы бампердің контурлары түсіріледі.