Hyundai автомобильдеріне кезекті Telegram-бот арқылы тексеруге болады

Hyundai автокөліктерін сатып алу кезегін тексеруге арналған Telegram-бот іске қосылды деп хабарлайды «Астана Моторс» компаниясының баспасөз қызметі.

Ол үшін смартфонға немесе компьютерге Telegram қолданбасын орнатып, ботқа тіркелу керек https://t.me/hyundaikz_bot.

Ботқа өтіп, «Бастау» батырмасын басып, нұсқауларды орындаңыз. Бот қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

1 маусымнан бастап жаңа клиенттердің кезекке қойылуы туралы SMS-хабарландыру сервисі іске қосылғанын атап өту қажет. SMS бір рет келеді, кезекке қоюдың реттік нөмірі мен тіркеу күні туралы ақпарат береді.

Бұрынғыдай, дилерлік орталықтағы менеджерлер кезек жақындаған сайын клиенттерге қоңырау шалып отырады.


Толық ақпаратты 7007 байланыс орталығынан да білуге болады.