Күзгі драйвпен: Шымкенттегі Chery пикнигі қалай өтті

Шымкентте демалыс күндері Tiggo 7 PRO автокөлік моделінің иелеріне арналған Chery пикнигі өткізілді. Ол оңтүстік мегаполистен, Түркістан облысынан, сондай-ақ Тараздан, Қызылордадан және Байқоңырдан келген автокөлік жанкүйерлерінің басын қосты.

Клиенттік іс-шаралар – бұл Chery компаниясының дәстүрі. Қытайлық автокөлік бренді автокөлік иелерін тек сапамен және сервиспен ғана емес, клиенттер өзара қауыша, тәжірибелерімен алмаса алатын, жаңа достар тауып, уақыттарын жақсы өткізе алатын алуан түрлі ивенттермен де қуантуға тырысады. Әртүрлі Chery модельдерінің иелеріне арналған мұндай автопикниктер бұған дейін Алматы мен Астанада өткізілді.

«Шымкент – бұл ерекше атмосфера. Біз клиенттеріміздің мұндай ыстық ықыласына және Chery брендінің оңтүстік аймақта жұрттың сый-құрметі мен сенімін жаулап ала алғанына қуаныштымыз. Бізге автокөлік сатып алу үшін Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келеді. Клиенттерімізге арналған арнайы іс-шараларды көбірек өткізуді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ жаңа модельдеріміздің тест-драйвына шақырамыз», – деді Алмаз Рахимбердиев, Chery Shymkent дилерлік орталығының сату бөлімінің басшысы.

Пикникте қонақтарға дәмді ас пен шоу-бағдарлама ғана ұсынылып қоймай, жаңа Chery Tiggo 7 PRO рестайлингтік нұсқасының тұжырымдамасын ойлап табуға, сипаттап және оның артықшылықтарын көрсетіп, айтылған сипаттамалармен көліктің сызбасын сызып, өздерінің шығармашылық өнерін танытуға да мүмкіндік берілді. Содан кейін картонның, бояулар мен қиялдың көмегімен үлкен модель құрастырылды. Ересектер мен балалар бұл істі қызығушылықпен орындады, есесіне жаңа тәжірибе жинады.

Пикникке келген қонақтардың айтқаны:

Қызылордада алғаш рет
«Біздің жанұямыздың атынан көп алғыс айтамыз. Мен өзімнің немереммен бірге Қызылордадан келдім. Көлігімізді төрт ай бұрын сатып алдық, Шымкенттен таңдадық. Енді Қызылордада тек бізде ғана Chery бар!», – деп ойымен бөлісті автокөлік иесі.

Ғарыштан «сәлем»
«Көлікті сатып алғанымызға небәрі үш-ақ апта. Байқоңырда тұрамыз, Нұрсұлтан есімді менеджер бізге көлікті таңдауға көмектесті, қашықтан кеңестерін берді, күтіп алды, енді мына пикникке шақырып отыр. Өте қуаныштымыз», – деп ойларымен бөлісті «ғарышкерлер» қаласынан келген қонақтар.

Ең «инстаграмдық» автокөлік
«Мен Instagram-да автокөлігімнің панорамалық төбесін көрсетемін, толық ашамын – басқа бір де бір автокөлікте мұндай функция жоқ. Көлікті бір жылға жуық жүріп таңдадым. Таңдауым Chery брендіне түсті – менеджерлердің қызмет көрсетуі ұнады. Өз таңдауыма өте ризамын», – дейді клиент.

«Тест-драйв шешеді»
«Менеджерлер Нұрсұлтан мен Сейітжанға көп рахмет. Өте күшті компания, өте мықты команда. Оларға келген клиенттер көлік сатып алмай қайтпайды. Бір рет тест-драйвқа келетін болсаңыз, басқа автокөліктер туралы ойлауды мүлдем қоясыз. Мен көлікті ұзақ уақыт, бір жылдай таңдадым. Жапондық кроссовер аламын деп жүр едім. Chery тест-драйвына әшейін ғана келгенмін, сөйтіп сол күні-ақ көлікті рәсімдеп жібердім. Chery менің жүрегімді жаулады!» – деп клиент өз оқиғасын баян етті.

Атап өтсек, қыркүйек айының қорытындылары бойынша Chery бренді биылғы жылдың ең үздік нәтижесін көрсетті және Қазақстанда ең көп сатылып жатқан автокөліктердің бесінші сатысына көтерілді. Оның алдында тек Chevrolet, Hyundai, Kia және Toyota ғана.

Chery-дің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» құрамына кіретін First Motor Group.

Бүгінгі таңда Chery дилерлік орталықтары Астанада, Алматыда (соның ішінде Құлжа күрежолындағы Mycar Almaty), Шымкентте, Қостанайда, Оралда, Ақтөбеде, Атырауда, Қарағандыда, Павлодарда жұмыс істейді.

Жылдың соңына дейін тағы сегіз дилер орталығы – тағы біреуі Астанада, сондай-ақ мына қалаларда ашылады: Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавл.


Толық ақпарат Chery.kz сайтында, әлеуметтік желілерде немесе 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығында қолжетімді.