Жаңа Subaru Outback: қауіпсіздіктің бес жұлдызды рейтингі

2015 жылдың наурыз айында Қазақстан нарығына шығуы күтілудегі Subaru Outback кроссовері жаңа ұрпағының Еуропалық нұсқасы Euro NCAP мәртебелі тәуелсіз ұйымның краш – тесттерінің сериясында "5 жұлдызды" қауіпсіздіктің ең жоғарғы бағасына ие болды.

2015 жылдың наурыз айында Қазақстан нарығына шығуы күтілудегі Subaru Outback кроссовері жаңа ұрпағының Еуропалық нұсқасы Euro NCAP мәртебелі тәуелсіз ұйымның краш – тесттерінің сериясында "5 жұлдызды" қауіпсіздіктің ең жоғарғы бағасына ие болды.

Жаңа Outback өзінің қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейін Euro NCAP 2014 тесттерінің еуропалық бағдарламаларының ең қатал талаптарына сәйкестілігін растады. 2009 жылы Euro NCAP қауіпсіздік сынақтарының жүйесі анағұрлым қатаң болды.

Қазіргі таңда онда "Ересек жолаушылардың қауіпсіздігі", "Жолаушы – балалардың қауіпсіздігі", "Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі" және "Қауіпсіздіктің қосымша жүйелерінің болуы" сияқты бағалаудың категорияларынан тұрады.

Жаңа Subaru Outback барлық төрт тәртіптерде үздік бағаларға ие болды. Автокөлік шартты жолаушының (қуыршақтың) денесінің барлық мүшелерін нық қорғай отырып, бөгетпен бүйір соқтығыс барысында ең жоғарғы балды алды. Алдыңғы және артқы орындықтардағы бас тірегіштер машинаның артқы бөлігіне соққы барысында шыбықтан зақымданудың алдын алуды жақсы орындады. Outback барлық сынақтар барысында бір жарым жастағы баланы қорғағаны үшін балдың ең жоғарғы санын жинады. Сондай – ақ, автокөліктің алдыңғы бампері барлық үлгісі бар жағдайларда жаяу жүргіншінің аяғына жақсы қорғанысты қамтамасыз етеді.

Жаңа Subaru Outback базалық жиынтығы қауіпсіздік жастықтарының толық жиынтығымен, оның ішінде жүргізушінің тізесін қорғау үшін airbag және бүйір «перделер», алдыңғы және артқы орындықтарда қауіпсіздік белдіктерінің тағылмауы туралы еске салу функциясымен, VDC бағыт төзімділігің жүйесі, сонымен қатар барлық жиынтық бойынша соққы қуатын теңдей үйлестіретін, күшейтілген қаңқа шанақпен жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа өнімнің шанағында жоғары сапалы болаттан жасалған элементтердің саны арттырылған. Бұл автокөліктің салмағын төмендетуге және жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.

1995 жылғы дебюттен бастап Subaru Outback әмбебаптығы, керемет басқарушылығы мен ыңғайлылығы үшін әлемдік құптауды алды. Symmetrical AWD толық жетегінің бірегей жүйесі тұтынушылардың ең өзекті талаптарын ескере отырып дайындалған жаңа Outback жолаушылардың тыныштығын бұзбай, жағымсыз жол және ауа райының жағдайларымен керемет меңгеруге мүмкіндік береді.