КЕЗЕКСІЗ АВТОКӨЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ: ДӘЛ ҚАЗІР НЕ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ

«Астана Моторс» еншілес компаниясы Haval Motor Kazakstan қытайлық Great Wall Motor автоконцернінің еуразиялық бөлімшесі топ-менеджерлерінің қазақстандық журналистермен және автоблогерлермен алғашқы медиа-конференциясын ұйымдастырды.

slider_174
slider_173
slider_172
 

Дистрибьютор компания ретінде Haval Motor Kazakhstan медиа-кездесуге қатысуға Great Wall Motor Eurasia президенті Джеймс Джангті және маркетинг жөніндегі директоры Кэрол Тянды шақырды.

Джеймс Джанг компанияның Қазақстан нарығындағы жоспарлары туралы айтып берді. Атап айтқанда модельдік қатар, баға саясатының факторлары, модельдерді жергілікті тұтынушының талаптары мен күтулеріне бейімдеу нұсқалары, сондай-ақ брендтің тұрғызылып жатқаны туралы«Астана Моторс» компаниясы қыркүйек айында хабарлаған мультибрендті зауытта жерсіндірілуі таныстырылды.

Дилерлік орталықтарда жаһандық нарықта да, Қазақстанға іргелес мемлекеттерде де танымал болған модельдер ұсынылып жатыр. Бұл Ресейде құрастырылған HAVAL Jolion, HAVAL Dargo, F7 және F7Х. Қытайда өндірілген POER пикапы, HAVAL Dargo және Jolion автосалондарда 2022 жылдың қараша айында қолжетімді болады. F7 және F7Х модельдері Ресейде құрастырылып жеткізіледі, себебі олар Туладағы GWM зауытында өндіріледі.

Кэрол Тян компанияның баға саясатына ерекше көңіл бөлді: Great Wall Motor жаңа әзірлемелерге тұрақты инвестициялар құйып келеді, бұл тұтынушы үшін соңғы бағаға әсер етпейді, Haval брендін «жайлылық бағасы бойынша премиум бренд» деп атауға болады. Маркаға жататын автокөліктер Қазақстан нарығында ұсынылған кроссоверлердің орташа баға сегментінен орын алады, соған қарамастан, үздік сипаттамалар мен технологиялар ұсынады. Сатылымдар мен Haval брендіне көңіл толу статистикасы бүкіл әлем бойынша өте жоғары деңгейде – 7 млн сатылған автокөлік, модельдердің тұрақты танымалдығы, мысалы, Қытайдың өзінде H6 9 жылдан бері SUV сегментінде көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Great Wall Motor Қазақстандағы модельдік қатарды кеңейтуді ойластыруда, 3 жаңа модель қарастырылып жатыр, алайда нақты қандай модельдер екені әзірге айтылған жоқ. Тян ханымның айтуынша, жоспар мәрелік кезеңде тұр және алдағы уақытта дилерлік орталықтардағы желінің жаңартулары ғана емес, компанияның «Астана Моторс» мультибрендті зауытында өндіруге қай модельді ұсынатыны да жария етіледі. Мистер Джанг атап өткендей, Great Wall Motor концернінің бірлескен кәсіпорындар құру бойынша тарихы бай, «біз бұл үдеріспен жақсы таныспыз, оның үстіне «Астана Моторс» компаниясының да автокөліктерді сатудан да, өндіруден де қомақты тәжірибесі бар, сондықтан біз оптимистік жоспарлар құрамыз».