Қазақстанда шығарылған автокомпонентер Қытай автокөліктеріне қолданылатын болады
Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылғы 12 мамыр
10-12 мамыр аралығында Астана қаласында Машина жасаушылардың XI форумының аясында халықаралық автокөрме өтуде, онда Қытайдың жетекші брендтерінің қандай модельдері Қазақстанда шығарылатыны белгілі болды.
Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылғы 12 мамыр
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» 2025 жылдан бастап Chery, Haval және Changan автокөліктерін өндіруге кірісуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта компания Алматының Индустриялық аймағында толық циклді мультибрендтік зауыт салып жатыр.
Мультибрендтік зауыт құрылысы басталуының мұрағаттық фотосуреті, 2022 жылғы 15 қараша
Кәсіпорынның өндіріс көлемі – дәнекерлеу және шанақты бояу арқылы ұсақ торапты әдіспен жылына 90 мың автокөлік шығару. «Астана Моторс» өндірілген көліктердің жалпы көлемінің 40%-ын отандық нарыққа, 60%-ын ТМД елдеріне экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.
Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылғы 12 мамыр
«Chery, Haval және Changan модельдерінің ұсақ торапты өндірісін меңгеріп алған соң Қазақстанда Қытай брендтерінің автокомпоненттерін шығаруды қолға алуды жоспарлап отырмыз және қазіргі уақытта әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. «Астана Моторс» пен Қытайдың бренд ұстаушылары өз өнімінің сапасын дәлелдеген қазақстандық кәсіпорындармен, атап айтқанда сертификатталған шикізат жеткізушілерімен, мультибрендтік зауыттағы автокөліктер өндірісінде біз пайдалана алатын компоненттерді өндірушілермен ынтымақтастық орнатуға ашық», – деді «Астана Моторс» CEO Бекнұр Несіпбаев.
Сондай-ақ ол бастапқы кезеңде компания автокомпоненттермен ішкі нарықты қамтуды және кейіннен көрші елдерге экспортқа шығаруды көздеп отырғанын жеткізді.
Машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair 2023 халықаралық мамандандырылған көрмесі, 2023 жылғы 12 мамыр
Қазақстанда өндіру жоспарланып отырған Қытай көлік брендтері модельдерінің тізіміне Chery Tiggo 2 Pro, Tiggo4 Pro, Tiggo 7 Pro; Haval M6, Jolion, H6; Changan Alsvin(седан), CS35PLUS және CS55PLUS кірді.
Өндірістің «жылына 90 мың» деген айтарлықтай көлемін ескерсек, үш брендтің өндірістік желілерінде роботтандырылған дәнекерлеу мен шанақты бояу іске асырылады деп жоспарланып отыр.