Parasat клубының мүшелері Hyundai Trans Kazakhstan зауытына келді
Бизнесмендерге автокөлікті құрастырудың бүкіл процесі көрсетілді, одан кейін Astana Group иесі Нұрлан Смағұлов елде автоөнеркәсіптің дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді
ФОТО: © баспасөз қызметінің архиві
Parasat бизнес-клубы 2022 жылдың соңында құрылған және түрлі экономика салаларының бизнесмендерін тиімді өзара әрекеттесу үшін біріктіруге арналған. Клуб басымдықарының бірі – отандық бизнестің жаңа мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы айтып беру. Өндіріске тұңғыш шыққан кез Astana Group компаниясының Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік зауытына бару болды. Клуб мүшелері – әрекет етуші бизнесмендер автоөнеркәсіптің дамуымен танысты, бүкіл өндірістік циклді көрді және кәсіпорынмен ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы білді.
Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов өз зауытының болашағын шағын және орта бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істейтін үлкен өнеркәсіптік кластерді құрумен байланыстырады. Ол бизнесмендерді ынтымақтастыққа шақырды, мұндағы зауыт түрлі бөлшектерді дайындауға тапсырыс беруші ретінде әрекет етіп, осы арқылы қазақстандық қамтуды біртіндеп арттырады. Тек осы арқылы Қазақстанда автокөліктер өндірісін барынша жергіліктендіруге болады.
ФОТО: © баспасөз қызметінің архиві
– Parasat клубының мүшелеріне Қазақстанда өндірістің дамып жатқанын көру өте маңызды. Әрбіріміз өз бағытымызды жақсы білеміз. Бірақ клуб нетворкингті дамыту үшін құрылған. Басқа салаларға шомып, біз көріністі толықтай көреміз. Бұл өз бизнесіңе жаңаша қарауға, жаңа бағыттарды табуға, масштабталуға көмектеседі. Бүгінгі кездесудің құндылығы – Parasat клубы мүшелерінің автоөнеркәсіптің ортақ іс екенін және кәсіпкерлікті дамыту үшін зор мүмкіндіктің бар екенін көруінде. Мен біздің бизнесмендеріміздің визиткаларымен алмасқанын, уағдаласқанын, мәселелерді тыңдап, бағыттарды талқылағанын көрдім. Мен жергіліктендіру, қазақстандық қамту деңгейін жоғарылатуға себептесетін шағын өндірістер пайда болатынына сенемін, – деп клубтың тең құрушысы, Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов әсерімен бөлісті.
ФОТО: © баспасөз қызметінің архиві
Толық емес үш жыл ішінде Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өндіріс көлемдерін еселеп жіберіп, енді жылына 50 мың автокөлік шығарады. Машиналардың бір бөлігі ТМД елдеріне экспортталады.
Қазақстандық кәсіпорынның мамандары бұрын Hyundai Accent және Hyundai Tucson атты екі модельдің дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ торапты өндірісін игерсе, бүгінгі таңда Astana Motors кәсіпорын шығаратын модельдер қатарындағы кезекті модельді ұсақ торапты өндіріске көшіру туралы Hyundai Motor Company (Оңтүстік Корея) компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр.
ФОТО: © баспасөз қызметінің архиві
Parasat клубының мүшелері Haval, Chery, Changan қытайлық автобрендтерін өндіретін зауыттың құрылысы туралы түпдеректен білді. Қазіргі кәсіпорыннан 6 есе үлкен болатын жаңа мультибрендтік зауыт 2024 жылдың төртінші тоқсанында – 2025 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары жасалып, бюджетке түсетін салықтар мөлшері артып қана қоймай, автокөліктердің заманауи өндірісіндегі ең жаңа технологиялар да игеріледі.
ФОТО: © баспасөз қызметінің архиві
Таяу болашақта осындай бірқатар іс-шара жоспарлануда. Қазақстандағы ең ірі логистикалық компаниялардың бірі – Atasu Group иесі Марат Жуман клубтастарын өз кәсіпорнына шақырды. Сапар 2023 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Экскурсия аяқталғаннан кейін парасаттықтар Parasat клубының тең құрушысы Арманжан Байтасовтың бастамасымен тегін қатысуға гринкарта алған клубтың жаңа мүшесі Диас Камеридановпен танысты. Диас – Forbes Kazakhstan «30 дейінгі 30» тізімінің қатысушысы, «Белгісіз Қазақстан» (unknownkazak) блогының авторы.
forbes.kz,
Газиза Габи