ҚР Апаттар медицинасы орталығы реанимациялық автокөліктердің жаңа топтамасын алды
17 қазанда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесіне отандық өндірістің 14 жаңа реанимациялық автокөліктері берілді.
Реанимациялық автокөліктерді беру “2011-2015 жылдары Саламатты Қазақстан ” денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және "Апаттар медицинасы орталығы" ММ күре жолдық медициналық құтқару пункті (КМҚП) бірге дайындалған ҚР ТЖМ жобасының аясында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде күре жолдық медициналық құтқару пункттерін (КМҚП) отандық өндірістің жаңа реанимациялық автокөліктермен жабдықтауды қарастыруда. Беріліп отырған мамандандырылған көлік құралдарын ЖКО немесе ТЖ барысында шұғыл әрекет ету үшін республикалық маңызды қауіпті жол бөлімдері мен күре жолдарда пайдаланылатын болады.
Реанимациялық автокөліктерді өндіру ТЖМ-нің арнайы тапсырысы бойынша Hyundai County автобусының негізінде Алматы қаласында "Астана Моторс" ҚМК автокөлік жинау кәсіпорынында жүзеге асырылатын болады. Жедел жәрдемнің стандартты көліктеріне қарағанда шұғыл әрекет ету үшін жаңа реанимациялық автокөліктер 5 кем емес зардап шегушілерді бір уақытта шығаруға мүмкіндік береді. 7,5 метр ұзындығы бар реанимациялық автокөліктердің төбесі биік, ал ол реанимациялық шараларды өткізу барысында медициналық қызметкердің жұмысын жеңілдетеді.
«Машиналар американдық және еуропалық өндірушілердің ең заманауи медициналық және құтқару жабдықтарымен жабдықталған, автономды өмірді қамтамасыз ету үшін арнайы техникамен, яғни генераторлық бекеттермен, компьютерлермен, GPS, спутник телефониямен жабдықталған. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің қалауы бойынша реанимациялық автокөліктің стандартты үлгімін зембілді тиеу ыңғайлығы үшін артқы есіктерді қоса отырып, толықтырды. Барлық автокөліктерге өндірушінің кепілдігі 2 жылға немесе жүрістің 50 000 км беріледі», - ден түсіндірді «Астана Моторс» ҚМК өкілі Шалкар Нуртлеуов.
Реанимациялық автокөліктерді өндіру барысында қазақстандық құрамның үлесі стандартты үлгілерді қайта жасау еңбек шығындары мен ТЖМ талаптарына сәйкес реанимациялық автокөліктер үшін оның конверсиясы есебінен 51% құрады.
2012 жылы ҚР ТЖМ-гі Hyundai County негізінде 6, ал 2013 жылы – 14 реанимациялық автокөлікті алды. Келесі жылға ұқсас арнайы техниканың 14 кем емес бірлігін алу жоспарланған. Барлығы осы жобаның аясында осындай 48 реанимациялық автокөліктерді жеткізу жоспарлануда.