ӘЗІРБАЙЖАНДАҒЫ СПЕКА КӨРМЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ HYUNDAI АВТОКӨЛІКТЕРІ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстанның «Астана Моторс» компаниясы БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына және қатысушы елдердің ұлттық экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеге қатысты. СПЕКА құрамына Ауғанстан, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері кіреді. Биыл көрме Бакуде (Әзірбайжан) өтуде. СПЕКА аясында "СПЕКА өңірін жаһандық қамтумен байланыстыру орталығына айналдыру" экономикалық форумы өтті. Форум Еуропа мен Қытай арасындағы Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы (ТХКМ) жаңа сын-қатерлер жағдайында көлік байланыстарының рөлін арттыруға арналған.

«Астана Моторс» компаниясы 30 жылдан астам жұмыс істейді. 2011 жылдан бастап автомобиль өнеркәсібін дамытумен – жеңіл және коммерциялық техника өндірумен, өндірісті жергіліктендіруді арттырумен және сыртқы нарықтарға шығумен белсенді айналысады. Көрмеде компанияның атынан Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы (Hyundai Auto Kazakhstan) және Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктер шығаратын зауыт өкілдік етті.

Көрмеге келушілер қазақстандық өндірістің Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Hyundai Palisade, HYUNDAI Staria модельдерімен танысты.

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы 2003 жылы құрылған, автокөліктерді сатумен айналысады, сондай-ақ кепілдікті және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетеді.

Hyundai Auto Kazakhstan Қазақстан бойынша кең дилерлік желіге ие – Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Тараз, Екібастұз қалаларында 23 автоорталық.

2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Hyundai бренді – Қазақстандағы нарық көшбасшысы (25,9%). 2023 жылғы қаңтардан қазанға дейінгі сатылым 38 433 бірлікті құрады. 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 71% өсім (22 435 бірлік). Қазақстанда Hyundai сатылымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 864 бірлікті құрады.

Модельдік қатарға мыналар кіреді:

  • жеңіл автокөліктер: ACCENT, ELANTRA, i20, i30, SONATA
  • кроссоверлер: BAYON, SANTA FE, TUCSON, PALISADE
  • минивендер: STARIA
  • электромобильдер: Hyundai IONIQ 5

Hyundai IONIQ 5 электромобилінен басқа барлық модельдер Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады.

Толығырақ дистрибьютордың hyundai.kz сайтынан, сондай-ақ автоөндірушінің hyundaiplant.kz сайтынан білуге болады.