«АСТАНА МОТОРС» АВТОКӨЛКТЕРДІ ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАРДА ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІН ЕНГІЗІП ЖАТЫР.

"Тойота Центр Астана Моторс" орталығында 2020 жылдың 08 тамызынан бастап мамандандырылған автомобиль иелеріне қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (мамандандырылған ХҚКО) мына мекенжай бойынша ресми түрде ашылды: Нұр-Сұлтан қ., Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі, 6.

Дилерлік орталықта "Астана Моторс" клиенттері үшін көлік құралын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ жүргізуші куәлігі мен "Астана Моторс" портфеліне кіретін кез-келген маркалы автокөлікке мемлекеттік нөмір белгісін алу және ауыстыру қызметі ұсынылады. Қызметті пайдалану үшін қолында жеке куәлігі және көлік орталығымен жасалған шарт болуы керек.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Астана Моторс" компаниясының клиенттерге қауіпсіз және ыңғайлы болу үшін көлік орталықтарында мамандандырылған автокөлік иелеріне қызмет көрсету орталығының бөлімшелерін ашу туралы бастамасын қолдады. Бүгінгі таңда мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері мына мекенжай бойынша Hyundai Premium Almaty автокөлік орталығында қызмет көрсетеді: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 107/1, Жароков көшесінің қиылысы.

"Қазіргі таңда адамдарды бір-бірінен алшақтату басты қажеттілік болып табылады. Барлығымыз үшін осындай қиын кезеңде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы заманның жаңа сынақтарына төтеп беріп, ең алдымен мемлекеттік қызметтердің оффлайн түрде ыңғайлы әрі қауіпсіз ұсынылуына басымдық беруі тиіс. Сондықтан, мүмкіндігінше, азаматтардың бір-бірімен байланысын барынша болдырмау барлығымыз үшін маңызды мәселе және автокөлік салонында осындай шағын ХҚКО ашу – осы идеяны жүзеге асырудағы алғашқы қадам" – деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин.

"Біз клиенттерімізге ең қолайлы жағдайлар жасаймыз. Әлем қарқынды дамып жатқандықтан, қазіргі таңда адам үшін ұтқырлық өте маңызды. Бір күнде бір жерден көлікті сатып алу, оны есепке қою және мемлекеттік нөмір алу мүмкіндігі көлік иелерінің уақыты мен ресурстарын үнемдейді. Әсіресе бұл қызмет Trade in – жүрілген автокөліктерді айырбастау және сатып алу бағдарламасының клиенттері үшін қолайлы", – деп көрсетті "Астана Моторс" компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Сондай-ақ ол компанияның болашақта бүкіл ел бойынша бірқатар дилерлік орталықтарда мамандандырылған автокөлік иелеріне қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерін ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

Анықтамалар "Астана Моторс" қоңырау шалу орталығының – 7007 телефоны арқылы беріледі.


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан астанасындағы Toyota маркасының бірінші ресми дилерлік орталығыболып табылатын Тойота Центр Астана Моторс 2009 жылдың наурыз айында ашылған болатын.  Көлік салонында шоу-рум, қызмет көрсету станциясы және түпнұсқалық қосалқы бөлшектер қоймасы бар. Мұнда клиенттер Қазақстанда ұсынылған Toyota автомобильдерінің барлық түрлерімен танысып, автокөліктерге тест-драйв жүргізіп, автокөлікті сақтандырып, оны сатып алуға несие рәсімдеп, қосымша жабдық орнатып, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметтерін пайдалана алады.
Көлік орталығында Trade-in бағдарламасы қолданылады, оған сәйкес кез-келген маркалы автокөлікті құнының айырмашылығын төлей отырып, жаңа Toyota көлігіне айырбастай аласыз.