First Motor Group - Астана Моторстың сегізінші дистрибьюторы
"Астана Моторс" компаниясы мен Chery Automobile Co., Ltd компаниясы дистрибьюторлық келісімге қол қойды, оған сәйкес Қытайдың жетекші автокөлік өндірушісі "Астана Моторс" құрамына кіретін First Motor Group-қа Chery брендін Қазақстанда ұсыну үшін ресми дистрибьютор құқығын береді.
Құжатқа ресми қол қою рәсімі күні кеше, 2021 жылдың 28 қыркүйегі күні Алматы (Қазақстан) мен Уху (Аньхой провинциясы, Қытай Халық Республикасы) қалалары арасындағы телекөпір форматында өтті.
Осылайша, Астана Моторста сегізінші дистрибьютор пайда болып, компания портфеліне он үшінші бренд қосылды.
Ерекше дизайн, технологиялық, жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында Chery автокөліктері Ресей, Бразилия, Чили және әлемнің басқа елдерінде танымал болды. Chery Automobile Co., Ltd мәліметтері бойынша, Қазақстанға соңғы Chery технологиялары негізінде жасалған Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 Pro және Pro Family сериясының басқа да модельдерін жеткізу 2021 жылдың соңына дейін басталады. Айта кетейік Chery премиум автокөліктері Қазақстанның климатына бейімделген.
Chery International Президенті Джанг Гуйбин мырза дистрибьюторлық келісімге қол қою рәсімінде, компания қытайлық автомобильдердің экспорты бойынша 18 жыл қатарынан көшбасшы болғанын атап өтті. Соңғы жылдары экспорт көлемі 100%-дан асты, бұл компания үшін рекордтық нәтиже.
«Бүкіл әлем бойынша Chery көліктерін таңдаушылар саны артып келеді. Қазақстан - Орталық Азиядағы ең перспективалы нарық, ал «Астана Моторс» - кәсіби командасы мен мол тәжірибесі бар Қазақстанның жетекші автокөлік компаниясы. Біз Chery мен «Астана Моторс» арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймыз. Екіжақты жұмыста сәттілік тілеймін », - деді Джанг Гуйбин мырза.
«Интеллектуалды автокөлік өндірушісі ретінде бүкіл әлем мойындаған қытайлық Chery брендін Қазақстанда қарсы алып, ұсынамыз. Chery Automobile өндірісте технологияны дамыту бойынша революциялық кезеңді өткеріп, инновациялық салада дүниежүзілік автокөлік мамандары ерекше қызығушылық білдіретін жетістіктер көрсетіп келеді. Біз жаһандық даму стратегиясы аясында компанияның Қазақстандағы өршіл жоспарларын іске асыруға тиіспіз », - деді« Астана Моторс» компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Қазақстандағы Chery дилерлік желісі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан басталады. 2022 жылы Қазақстандағы Chery дилерлік желісінде 9 автоорталық болады, ал 2023 жылы олардың саны 17-ге дейін артады деп жоспарлануда.
Еліміздегі Chery бренді туралы толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығынан 7007 телефоны бойынша білуге болады.