АСТАНА МОТОРС ШЫМКЕНТТЕ HYUNDAI ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ
"Астана Моторс" компаниясы Қазақстан бойынша дилерлік желілерін көбейтіп, дамуын әрі қарай жалғастыруда. Кеше Шымкент қаласында Hyundai Otyrar дилерлік орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа автоорталықта "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan отандық зауыты шығаратын Hyundai автокөліктері сатылады.
Hyundai Otyrar дилерлік орталығының ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев пен Астана Моторстың Бас директоры Бекнұр Несіпбаев қатысты.
Hyundai Otyrar дилерлік орталығы Hyundai Motor Company компаниясының халықаралық стандарттарына сай салынып, жабдықталған. Автоорталықтың жалпы ауданы 2 145 шаршы метрді құрайды. Компания жобаға 1,5 миллиард теңге инвестиция салған.
Дилерлік орталықтың ашылуымен Шымкент қаласының 100 астам тұрғыны 29 жылдық тарихы бар "Астана Моторс" компаниясына жұмысқа орналасты.
«Жаңадан ашылған жұмыс орындары Шымкент қаласының тұрғындарына үлкен мүмкіндіктер беріп отыр. Біріншіден, жерлестеріміз халықаралық деңгейдегі компанияда мансабын құрып, білімін және біліктілігін арттырады», - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев.
Ал «Астана Моторс» компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаев болса, Шымкент - миллионнан астам тұрғыны бар республикалық деңгейдегі маңызды қала, Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі екенін атап өтті.
«Жергілікті халықтың қызметтерге оңай қол жеткізу үшін Hyundai-нің екінші дилерлік орталығын, ал «Астана Моторс» компаниясына тиесілі бірінші дилерлік орталығын ашып отырмыз. Сондай-ақ 2022 жылы тағы бірнеше нысан салу жоспарымызда, дәл осы жерде BMW дилерлік орталығы,қала бойынша тағы бір Hyundai дилерлік орталығы мен MyCar көпфункционалды орталығы салынады. Біз Hyundai Otyrar командасына Астана Моторстың отбасылық дәстүрлерін жалғастыруды, яғни жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, адал тұтынушылар ауқымын кеңейтуді және нығайтуды тілейміз,» - дейді Бекнұр Несіпбаев
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» - Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіндегі ірі салық төлеушілердің бірі. 2021 жылдың 9 айында компания ел бюджетіне (республикалық және жергілікті) 50,8 млрд теңге салық төледі.
Астана Моторстың Қазақстанда 30 жеке дилері, Hyundai Trans Almaty коммерциялық автокөліктерін шығаратын және Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыты бар.
2021 жылы компания 36 мыңнан астам жеңіл автокөлік пен коммерциялық автокөлік сатуды, сондай-ақ 29 мың жеңіл автокөлік пен 1000 коммерциялық көлік шығаруды жоспарлап отыр.
Дилерлік орталықта шоурумнан бөлек 9 техникалық қызмет көрсету бекеті, оның ішінде коммерциялық автокөліктерге (автобус, жүк көлігі және т.б.) қызмет көрсету бекеті, электрик және автокөлікті детейлингтен өткізу бекеті бар. Онда білікті һәм тәжірибелі мамандар сервистік қызмет көрсетеді. Дилерлік орталықтың тағы бір артықшылығы Hyundai брендінің автокөліктеріне түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессурлар сатылады.
Клиенттер көліктің қай түрін болсын Hyundai Finance, Mycar Finance серіктес компаниялары, сонымен қатар Сбербанк, Еуразиялық банк, Банк Центр Кредит және басқа банктер арқылы несиеге рәсімдей алады. Trade-in бағдарламасымен темір тұлпарлардың ескісін жаңасына айырбастау мүмкіндігі де ескерілген.
- Hyundai Otyrar дилерлік орталығының мекенжайы - Шымкент қаласы, Бәйтереков көшесі, 6А.
- Жұмыс уақыты - аптаның жеті күні 09:00-ден 21:00-ге дейін.
- Дилерлік орталық коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша барлық шараларды сақтай отырып, Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
- Толық ақпаратты 7007 телефон нөмеріне хабарласып, «Астана Моторс» байланыс орталығынан білуге болады.