«АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ACCENT АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН ҚАЙТА БАСТАДЫ
Танымал модель Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауытының өндірістік желісіне қайта оралды. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы бірқатар елдермен Алматыда Hyundai Accent моделін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ түйінді өндіру үшін қажетті жиынтықтауыштар жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізді.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың тамыз айында Қазақстандағы Hyundai дистрибьюторы Hyundai Accent автомобильдерін өндіру жоспарына түзету енгізген болатын. Жартылай өткізгіштер мен логистика дағдарысын ушықтырып жіберген геосаяси жағдайға байланысты Алматыдағы кәсіпорын құрамдас бөлшектердің жеткізілуі бойынша қиындықтарға тап болған еді.
Hyundai Accent көлігінің қазақстандықтар арасындағы танымалдығын ескере отырып дистрибьютор бұл модельдің өндірісіне арналған құрамдас бөлшектерді жеткізудің балама жолдарын іздестірді.
Келіссөздер нәтижесінде дистрибьюторға Қытай, Үндістан, Корея және Ресейдегі Hyundai зауыттарынан Hyundai Accent автомобиліне арналған құрамдас бөлшектер жеткізу туралы келісімге келудің сәті түсті.
Осы жылдың қараша айында Hyundai Trans Kazakhstan құрамдас бөлшектерді қабылдап алып, Hyundai Accent автомобилінің өндірісіне кірісті. Пилоттық топтамадағы автомобильдер бүгінде отандық дилерлерге келіп түсіп те жатыр.
«Әлемдік нарықтағы қиындықтарға – логистиканың бұзылуына, жартылай өткізгіштер дағдарысына, геосаяси жағдайға қарамастан Hyundai маркасының танымалдығы артып келеді, 2022 жылдың 11 айының ішінде біз Қазақстанда 25 760 автомобиль саттық, бұл 2021 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда (20 328 бірлік) 27%-ға көп. Біз өндіріс көлемдерін ұлғайтып, шығарылатын автомобильдердің модельдік желісін кеңейтіп жатырмыз, үнемі тапсырмаларды шешу жолын іздеудеміз және жұмыстың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Жеткізушілермен ынтымақтастығымыз ұзаққа созылады деп үміттенеміз және құрамдас бөлшектерді жеткізу бойынша барлық үдерістердің реттелуіне қарай Hyundai Accent көлігінің өндіріс көлемін біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отырмыз»,– деп атап өтті Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюциясының директоры Денис Коломацкий.
Қазіргі таңда Алматы Индустриалдық аймағында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan Hyundai көліктерінің тоғыз моделін – Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon көліктерін шығарады.
Анықтама телефоны – 7007, тәулік бойы істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығы.