TECHNODOM — BMW OPEN CUP 2016

Алматыда әуесқойлар арасындағы Technodom - BMW Open Cup теннис турнирінің жеңімпаздары анықталды.

18-19 маусым күндері Gorky Tennis Park Алматы теннис клубының корттары Technodom - BMW Open Cup әуесқойлар арасындағы үлкен теннистен ашық турнир қабылдады. Жарыстардың ерекшеліктері мен регламенті туралы Алматы теннис федерациясының басшысы, "Технодом" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Ким айтып берді.

"Әуесқойлық теннис шеңберіндегі осы турнир Gorky Tennis Park кортында жыл сайын өткізіледі. Жарыстардың регламентін турнирдің ұйымдастырушылары айқындайды. Яғни, санаттар белгіленеді, жас санаттары анықталады, гендерлік тиесілілік айқындалады. Биылғы жылы "Технодом" компаниясы және BMW брендін ұсынған "Астана Моторс" 35 жастан асқан ер адамдар арасында дара турнир өткізді. Сондай-ақ, микске қатысуға өтінімдер қабылданды: әуесқой ер адам және кәсіпқой әйел адам. Жеребе тастау ресімі қатысушының әуесқойлық рейтингіне сәйкес өткізілді. Кіші топтарды жоғары рейтингке ие спортшылар басқарды, ал қалған қатысушылар төмен рейтингке ие болды немесе олардың рейтингі мүлде болмады. Осындай жүйе, бастапқы кезеңде екі тәжірибелі спортшыны соқтығыстырмауға мүмкіндік берді. Және финалға шығу үшін енді екі-екіден шыққан білікті теннисші тартысты. Жалпы алғанда, 64 спортшы қатысты: Дара турнирге 32 қатысушы, микске 32 қатысушы қатысты", - деп хабарлады Эдуард Ким.

Турнирдің ендігі ұтыс ойыны өзгеше жаңашылдықтың енгізілуімен есте қалды. Рейтингтік ұпайлардан бөлек, аса табысты қатысушылар бонус алды.

"Биылғы жылы келесі шеңберге өткен әрбір қатысушыға ақшалай жүлде табыс етілді. Әдетте, бұл турнирді теннис жанкүйерлері естиді және оған қатысуға тырысып, дайындалады. Сондай-ақ, табысты түрде өнер көрсетудің арқасында рейтинг ұпайларын алуға мүмкіндік беріледі. Бұдан бөлек, жарыстарымыздың барлық қатысушылары тәжірибе алады, сондай-ақ өз отбасыларымен бірге уақыт өткізеді", - деп бөлісті Эдуард Ким.

Бұдан бөлек, Technodom - BMW Open Cup іс-шарасының өткізілуі, теннисті спорт түрі ретінде танымал етудің бір қадамы болып табылады.

"Турнирдің негізгі міндеті – осы спорт түрін насихаттау. Іс жүзінде әрбір қатысушының өз отбасы бар. Корттарға олардың балалары келеді және олар да теннис ойнай алады. Сондықтан балалар арасында кішігірім жарыстарды қосып, турнирді кеңейткіміз келеді. Мен, Алматыдағы теннис федерациясының басшысы ретінде, теннисті дамыту үшін жауаптымын. Басты стратегиялық міндеттердің бірі – спорттың осы түрін 10 жасқа дейінгі балалар арасында дамыту. Бұл бағытта жақсы жылжыдық. Жаз мезгілінде әрбір қалалық корт тенниспен қолжетімді жағдайда жаттығу үшін қолданылады", - деп қорытындылады Эдуард Ким.

Турнирдің жеңімпаздары бірден бірнеше санатта марапатталды. Төменде жарыстардың барлық жүлдегерлерінің тізімі көрсетілген

Futures

1 - Михаил Зуев;
2 - Арыстан Әбіжанов;
3 - Илья Жуганов.

Pro AM Futures

1 - Ерлан Қожағапанов / Анастасия Шарапова;
2 - Тимур Атабаев / Анжела Семьянова;
3 - Андрей Корболин / Лариса Бекметова;
4 - Берік Сейсембеков / Екатерина Морозова.

Masters

1 - Денис Валетов;
2 - Руслан Алпысбаев:
3 - Игорь Дзюба; 
4 - Сергей Шахворостов
1/4 финал - Антон Сотников, Игорь Пупчонок, Александр Цой, Дмитрий Дмитриев;
1/8 - Сергей Краснобородкин, Михаил Зоров, Болат Тұрсылханов, Әбдіхалық Базарқұлов, Юрий Ким, Сергей Коробко, Аманжол Райысов, Заңғар Тілеубаев.

Pro AM Masters

1 - Сергей Шахворостов / Дарья Шевченко;
2 - Дмитрий Дмитриев / Арина Талуенко;
3 - Денис Валетов / Ольга Третьяк;
4 - Эдуард Ким / Полина Меренкова.