ШЫМКЕНТКЕ 100 ЖАҢА «ШҰҒЫЛ ЖӘРДЕМ» КЕЛІП ЖЕТТІ
ШЫМКЕНТКЕ 100 ЖАҢА "ШҰҒЫЛ ЖӘРДЕМ" КЕЛІП ЖЕТТІ
ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңындағы салтанатты рәсімде қала әкімі Ерлан Айтханов дәрігерлер мен фельдшерлерге жаңа көліктің кілтін табыстады.
Салтанатты іс-шара барысында Шымкент қаласының Әкімдігі "Жедел медициналық жәрдем – заманауи автомобильдермен жабдықталуы тиіс денсаулық сақтаудың алғашқы сатысы, – екенін атап өтті.
Жаңа «шұғыл жәрдемдер» – медициналық бригада ауруханаға апарар жолда ең күрделі деген көмекті көрсете алатын нағыз мобильді реанимациялық палаталар. Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем машиналары қажетті стандарттарға сай, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген және күндізгі-түнгі қызмет көрсету режимінде қарқынды түрде қолданылуға дайын. Сондықтан, олар қазірдің өзінде сенімді әрі жайлы автомобиль беделіне ие болып үлгерді. Барынша тиімді жобаланған салон, қажетті жабдықтардың болуы, кондициялау жүйесі және қосымша жылыту аспаптары медицина бригадасын да, науқастарды да жайлы тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заманауи «жедел жәрдемдер» қозғалтқышының сенімділігі мен конструкциясының беріктігі арқасында үнемді және ұзақ мерзімді пайдалануға жарайды. Машиналар «Астана Моторс» компаниясының автомобиль құрастыратын кәсіпорнында өндірілген, кәсіпорын жүріске шектеу қоймастан, 3 жылдық өндірістік кепілдік ұсынады.
Соңғы жарты жылда осындай 80 автомобиль Алматы мен Нұр-Сұлтанның автопарктерін толықтырып үлгерді және науқастарға қызмет көрсетуді бастап кетті.