Алматыда Hyundai премиум-кластың дилерлік орталығы ашылды

20 маусымда Алматыда премиум-класты Hyundai Premium Almaty авто орталығының ашылуы болды

Ол Батыс Еуропадағы GDSI (Global Dealership Space Identity) ең жаңа стандарттары жауап беретін бірінші дилерлік орталық болды. Жаңа авто орталық жаңа инновациялық тәсілдің бейнесі болуға және Hyundai қазақстандық тұтынушыларының ниетін арттыруға арналған.

Алаңы 3 250 шаршы метрді құрайтын дилерлік орталық қаланың беделді үстіңгі бөлігінде орналасқан және ыңғайлы көлік инфра құрылымына ие. Онда шоурум, сервистік орталық, қосалқы бөлшектердің қоймасы және көлік жуу бар. "Сбербанк" АҚ ЕБ банк-серіктестіктің қатысуы барысында құрылысқа жұмылдырылған салымдардың көлемі 1,5 млрд. тг жетті. Авто орталықтың пайда болуы Алматының инфра құрылымының дамуын ынталандырады және 100 астам жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Hyundai Premium Almaty сәулеті технологиялар мен экологиялықтың арасындағы балансты жасайды. Ғимараттың хай-тек стиліндегі ультра заманауи экстерьері келушілер үшін қонақжайлық атмосфераны жасай отырып, ішкі көрініске керемет үйлеседі. Кешеннің бірегейлігі оның аумағында "Алма" мүсіні мен фонтанның орналасуымен ерекшеленеді.

Автокөлікті рәсімдеудегі жаңа тәсіл тұтынушылардың жоғары класты қызмет көрсетуін де білдіреді. 1000 шаршы метрлік алаңы бар кең және таңдаулы шоурумда Қазақстанға жеткізілетін Hyundai автокөліктерінің барлық бірқатар үлгілері, сонымен қатар түпнұсқа қосалқы бөлшектердің, керек – жарақтардың және қаржылық өнімдердің кең таңдауы ұсынылады. Бұл жерде кеңес үшін кабинеті бар жеке премиум – аумақ, бірнеше күту аумақтары және балалардың ойнау алаңдары қарастырылған.

Сервистік бекет заманауи құралмен жабдықталған және айына 1000-1500 көлікке қызмет көрсетуге есептелген. Сервистің біліктілігі жоғары мамандары дайындықтан және сертификациядан өткен. Бекет автокөлікке техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтің толық кешенін ұсынады.

Авто орталықтың ашылу шеңберінде жаңа Hyundai Genesis презентациясы болды. Сәтті бизнес - седанның екінші ұрпағы абсолютті жаңа платформада жобаланған, жаңа Fluidic Sculpture 2.0 үлгісімен, алдыңғы қатарлы технологияларымен, керемет жүріс сапасы мен бірінші класты ыңғайлылықпен ерекшеленеді. Жаңа Genesis қазақстандық сатып алушыларда 3,0 бастап 5,0 литрге дейінгі көлеммен жанармайдың тікелей бүркуі бар төрт қозғалтқыштың бірін таңдау мүмкіндігі болады. Олардың әрқайсысы төмен айналымда жоғары тартылысты қамтамасыз етеді және үнемділігімен ерекшеленеді. Барлық моторлары тек 8 – жылдамдықты автокөліктің беріліс қорабымен үйлеседі. Жаңа сыйлықты Hyundai седан өзінің керемет үлгісі үшін Red Dot Product Design Award халықаралық марапатын алып үлгерді.

Hyundai Premium Almaty ашылуы – дилерлік желіні дамутыға «Астана МоторсҚМК жоспарлы қадамы. Шілдеде осындай Hyundai премиум-класты авто орталықтай Астанада және Қостанайда ашылады.

Hyundai Premium Almaty мекен-жайы: Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 107/1, Жароков к-нің, қиыл.