Toyota Қазақстанда бренд географиясын кеңейтуде. Жаңа орталықтың ресми ашылу рәсімі 1 маусымда Көкшетау қаласында өтті.

 «Тойота Көкшетау» ресми ашылу рәсіміне Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының президенті Джон Томсон, «Тойота Көкшетау» сервис орталығының директоры Дмитрий Быченко және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Тойота Көкшетау» — Қазақстандағы брендтің ресми дистрибьюторы «Тойота Мотор Қазақстан» желісіндегі бесінші сервис орталығы және «Астана Моторс» компаниясы құрамындағы үшінші Toyota орталығы.

Жалпы ауданы 1900 шаршы метрден асатын жаңа сервис орталығы Toyota компаниясының жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған және жабдықталған.

«Тойота Көкшетау» өз клиенттеріне автокөліктерге қызмет көрсету мен оларды сатып алудың қолайлы шарттарын ұсынады. Сервис орталығы кең шоуруммен, жаңа автокөліктер мен жүрілген автокөліктерді сату бөлімдерімен, өндірушінің ресми кепілдігі бар түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату бөлімімен, әлемдегі жетекші өндірушілердің соңғы буынының жабдықтарымен жабдықталған 9 бекеттен тұратын техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциясымен, қосалқы бөлшектердің кең қоймасымен, қол тигізбей жуу және химиялық тазалау бекеттерімен жабдықталған.

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Джон Томсон: «Тойота Көкшетау» сервис орталығы брендтің клиентке одан да көп бағдарлануға, өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасын ұсынуға бағытталған мүлдем жаңа тұжырымдамаларына сәйкес құрылды. Жаңа орталық бізге Toyota компаниясын клиенттерімізге және керемет Көкшетау қаласының тұрғындарына жақындатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Брендтің ресми өкілінен автокөлік сатып алудың және оған қызмет көрсетудің басты артықшылықтары – мәміленің қауіпсіздігі мен тазалығы, өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасы, модельдердің сан алуандылығы, тест-драйвтан өту мүмкіндігі. Орталықтың клиенттері тиімді сақтандыру бағдарламаларын, қосымша жабдықтар мен қауіпсіздік жүйелерін орнатуды, автокөлікке кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді пайдалана алады. Жаңа автокөліктер сатып алу үшін «Toyota Финанс» кредит беру бағдарламалары мен Trade In айырбастау бағдарламасы қолжетімді.

«Тойота Көкшетау» клиенттері үшін кең тұрақ және ыңғайлы кірме жолдар қарастырылған. Орталықта дизайнерлік жиһазы бар демалыс аймағы, бар ұйымдастырылған. Орталықтың ең жас қонақтары үшін балалар алаңы жабдықталған.  


  •  «Тойота Көкшетау» мына мекенжай бойынша орналасқан: Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов көш., 197 «Г».
  • Жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, демалыссыз.
  • Толық ақпарат мына телефон нөмірі бойынша қолжетімді: 7007.

Дереккөз: Tengrinews.kz