Subaru Kazakhstan – Subaru-дың әлемдегі ең қарқынды дамып отырған дистрибьюторы

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін "Subaru Kazakhstan" компаниясы "Subaru Corporation" концернінің атынан "Subaru Sales Award" беделді марапатын алды.

Бұл сыйлық жыл сайын сатылым өсімінің ең жоғары көрсеткіштері үшін Subaru автокөліктерінің әлемдегі үздік дистрибьюторларына табысталады. Ресми қазақстандық дистрибьютор 2017 жылдың қорытындысы бойынша автокөлік сатылымының әлемдік өсім бойынша көшбасшыларының үштігіне енді. Өткен жылы компанияның сату өсімі 73% құрды. Марапаттау рәсімі Алматыда Subaru Kazakhstan дистрибьюторының кеңсесінде өтті.

Subaru Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаев марапатқа ие бола отырып, "адамдар Subaru автокөліктерін сапалы жапондық құрастыру, жоғары сапа стандарттары, EyeSight жүйесі сияқты инновациялық жүйелер үшін таңдайды. Subaru клиенті – белсенді өмір салтын, саяхаттауды сүйетін адам, ал біздің автокөліктеріміз қойылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Сондай-ақ, біз клиенттерімізді модельдік қатарды жаңарта отырып қуантамыз, сәуір айында Subaru Outback үлгісінің жаңартылған нұсқасын күтеміз. Біз марканы таңдағандары үшін барлық клиенттерге алғысымызды білдіреміз және Subaru үлкен бір отбасы екенімізге қуанамыз", - деді.

Айтып өтетін жайт, қазақстандық дистрибьютор Малайзия мен Аргентина сияқты елдермен қатар көшбасшылар үштігіне енді. Айтқандай, беделді марапат үшін Жаңа Зеландия, АҚШ, Гонконг, Австралия, Филиппин, Перу және т. б. елдердегі Subaru дистрибьюторлары күресті.

Subaru Kazakhstan дистрибьюторы – Қазақстандағы жалғыз ресми дистрибьютор. Компания Subaru көлігін сатып алуға эксклюзивті қызметтер: бөліп төлеу, несиеге алу және Trade-in мүмкіндігі бар Subaru Finance бағдарламаларын ұсынады.