Алматы көпсалалы колледжінің студенттері Тойота Центр Алматыда қонақта болды

Олар үшін экскурсияны автоорталықта ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан жұмысшылардың бірі, техникалық директор Евгений Леонгард өткізді. Тойота Центр Алматы-да ол 28 жылға жуық жұмыс істейді.

«Жастар — болашақ автоэлектриктер. Біз олар үшін толық экскурсия өткіздік, өндіріс туралы айтып бердік. Біздің автоэлектриктер қалай жұмыс істейтінін көрсеттік. Жақында студенттердің практикасы басталады, бұл жастарды өзімізге шақыратын боламыз», — деді Евгений Александрович.

slider_39
slider_40
slider_41