ЖАҚЫНДА МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ
Astana Group компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға қашықтықтан білім алуға жағдай жасау мақсатында компьютерлер сыйлады.
Astana Group компаниясы 20 жыл бойы Алматыдағы тірек-қимыл жүйесінде ауытқуы бар балалар тұратын және оқитын №2 тузету мектеп-интернатына қолдау көрсетіп келеді. Оқу жылы қарсаңында компания интернат тәрбиеленушілеріне бірнеше компьютерлер сыйлады, сол арқылы қашықтықтан оқу кезіндегі қажеттіліктерін өтеуге көмектесті.
"Біздің оқушылардың барлық отбасыларында компьютер немесе ноутбук сатып алуға мүмкіндік бола бермейді. Өткен оқу жылының соңғы тоқсанында балалардың көбі жеке телефондарын пайдаланып оқыды. Бұл, әрине, ыңғайсыз. Сондықтан, мұндай көмек біз үшін өте маңызды", - дейді мектеп-интернатының директоры Бахыт Ермекова.
Сонымен қатар, мұғалімдер мен ата-аналарға қаражатты дұрыс жұмсау, жинау, яғни, экономикалық сауаттылықтарын көтеру мақсатында "Қарызсыз қазақ" кітабін сыйға тартты.
Көптеген жылдар бойы Astana Group компаниясы №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен достық қарым-қатынаста. Astana Group компаниясы мүмкіндігі шектеулі балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп отырады, оқуға қажетті құрал-жабдықтарын, экскурсияларға апару үшін Hyundai шағын автобустарын сыйға тартты және жиһаз бен арнайы тренажерлар сатып алып берді. Сонымен қоса, компания қызметкерлері балаларға мерекелік және спорттық іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Көктемде біздің ұжым интернат тәрбиеленушілерінің арасындағы мұқтаж отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті.