Бүгін қазақстандық ғашықтар мерекесі: Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні

Ғашықтардың ортақ қызығушылықтары неғұрлым көп болса, олардың одағы соғұрлым күшті болады. Ал ортақ істен артық не біріктіре алады?

Танысып қойыңыздар, бұл Hyundai Trans Kazakhstan зауытының жас отбасылары.

Дина мен Азат құрастыру цехында, Наталья мен Евгений бояу цехында бірге жұмыс істеді. Сол жерде танысып, бірге жұмыс істеп, бір-біріне ғашық болып, шаңырақ көтерді.

Наталья мен Евгений жақында зауыт бақшасына алма ағашын отырғызды.

Жұптарымызға үйде де, жұмыста да бақыт пен табыс тілейміз.

Ал Сіз Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнін тойлайсыз ба? Түсініктемелерде өзіңіздің махаббатыңыз туралы айтып беріңізші!

slider_43
slider_44
slider_45
 

Фото: Никита Басов