Сбербан «Астана Моторс» ҚМК-ның төрт автоорталықтарының құрылысын қаржыландырды
Hyundai маркасының үш жаңа авто орталығы Алматыда, Астанада және Қостанайда "Сбербанк" АҚ ЕБ "Астана Моторс" ҚМК қолдауы барысында құрылған. Оңтүстік астанада "Сбербанк" сондай-ақ, жаңа "Бавария" Автоорталығының" - Қазақстандағы BMW, MINI автокөліктерінің ресми импорттаушы құрылысын қаржыландырады. Салымдардың жалпы сомасы 3 млрд. астам теңгені құрайды.
"Біз "Астана Моторс" жобаларына қуана қатысамыз". Компания Қазақстанның нарығында көптен жұмыс істейді және мінсіз іскерлік беделге ие. Жаңа бірлескен ауқымды бастамалар біздің екі тарапты қатынастарымызды бекіту бойынша маңызды қадам", - деп "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқармасының төрағасы Александр Камалов атап өтті.
"Біз үш қалада - Алматыда, Астанада және Қостанайда төрт авто орталықтарын салу шешімін қабылдады. Бұл жобада бізге Сбербанк қолдау көрсетті. Қаржылардыру құрылымы – 50/50. Қаражаттың жартысын банк, ал қалған бөлігін – біздің акционерлік капитал ұсынды. Осы жобаны Кедендік одақтың аумағындағы ең ірі банкпен бірге жүзеге асыру бізге үлкен ғанибет. Бұл біздің серіктестігіміздің тек бастамасыз деп сенеміз. Қазіргі таңда біз Қазақстанның Сбербанкімен бірнеше бірлескен жобаларды қарастырудамыз. Біздің бастамаларымызға банктің қолдау көрсеткеніне алғыс білдіреміз", - деп бөлісті "Астана Моторс" ҚМК Президенті Нұрлан Смағұлов.
Қазіргі таңда, осы қалалардың беделді аудандарында орналасқан ультра заманауи автокөлік орталықтарының құрылысы жүргізілуде. Шоу-румдар және сервистік орталықтар автокөліктің шыққан жылынан тәуелсіз қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, ең заманауи жабдықтармен жасақталады. Сервис – орталықтар сапаның қатаң стандарттарына сәйкес келетін түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана ұсынып қоймай, өндіруші – зауыттың кепілдігіне ие болады.