ЖАҢАРТЫЛҒАН RANGE ROVER SPORT ЖӘНЕ RANGE ROVER 2018 ТҰСАУКЕСЕРІ

Алматыда "Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін Jaguar Land Rover Almaty дилерлік орталығы 2018 жылғы Range Rover Sport және Range Rover жаңартылған модельдерін ұсынды. Автомобильдер өмірлік жағдайдың кез келгеніне төтеп беретін су жаңа технологияларды қамтып, дизайн бойынша бірқатар өзгерістерге ұшырап, Jaguar Land Rover компаниясының ең озық әрі технологиялық әзірлемесі саналатын – Touch Pro Duo мультимедиалық жүйесіне біріктірілген технологиялардың кең спектрін иеленді.

Range Rover Sport 2018 бұрынғыдан да ыңғайлы бола түсіп, мұндағы дизайнерлік шешімдер көліктің динамикалық мінезін айқындай түсті. Лазерлік жарықдиодты шамдардың интеллектуалды жүйесі орнатылып, радиатордың алдыңғы торы мен бампер жаңартылып, автомобильдің пішіні жаңарды. Енді автомобиль салонында Ebony Vintage Tan және Ebony Eclips жаңа түстерін қолдануға болды. Қозғалтқыштардың кең тізбегі де ұсынылған: төрт цилиндрлі бензинді Ingenium, бензинді және дизельді V6 және V8 моторлары. Автомобиль 5,3 секунд аралығында 100 км/сағ. дейін жылдамыдығын арттыра алады. Тіркемесі бар көлік маневр жасаған кезде жетілдірілген Advanced Tow Assist тіркеп сүйеу жүйесі күйзелісті төмендетуге көмектеседі.  

Жаңартылған Range Rover 2018 жайлылық үшін жарықтандырудың алдыңғы қатарлы жүйелері, дизайнерлік шешімдердің әртүрлі жиынтықтары, жүргізушіге жетілдірілген жәрдем жүйесі секілді технологиялармен жабдықталған. Гибридті түрлендіру (PHEV) флагмандық жол талғамайтын көліктің ыңғайлылығын жаңа сапалы деңгейге көтеріп отыр. Сонымен қатар өндірушілер шудан оқшаулау мақсатында әйнектің енін 6 мм дейін арттырып, яғни бұрынғы модельдермен салыстырғанда, әйнек қалыңдығы 20% ұлғайды. Сондай-ақ салон ішіндегі микроклиматты жақсартып, аллергендер, вирустар, бактериялар мен жағымсыз иістерді ауыздықтауға көмектесетін Nanoe ауаны иондайтын жаңа жүйесімен жабдықталған. 

Ашылған күннен бастап Jaguar Land Rover Almaty дилерлік орталығы клиенттерге қызмет көрсетудің толық кешенін: қос брендтің көліктерін сату және халықаралық стандарттарға сай техникалық қызмет көрсету; түпнұсқалық қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сату, соның ішінде қосымша құрал-жабдықтарды орнату; несиелеу мен сақтандырудың тиімді бағдарламалары, Trade-In бағдарламасы, қызмет көрсету бойынша бейілділік бағдарламасы және жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету кезінде уақытша берілетін автомобиль ұсынады.

RangeRover – сән-салтанат, зор мүмкіндіктер мен әсерлі дизайн.