НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ ВЕЛОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫН БАСҚАРДЫ

Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлады Tengrinews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан Кәлетаев Қазақстан велоспорт федерациясының президенті өкілеттілігінен бас тартты. Қазақстан велоспорт федерациясының жаңа президенті болып Нұрлан Смағұлов сайланды.

Конференцияның кеңейтілген отырысында Федерация мүшелері ҚВСФ-ның жаңа президенті лауазымына Смағұловты сайлау үшін бірауыздан дауыс берді. ҚВСФ жаңа басшысының өкілеттілігі төрт жылға созылады.

Наурыз айында Дархан Кәлетаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Дереккөз: Tengrinews.kz