HYUNDAI SANTA FE 2021 САПА МЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ШЫҚТЫ
"Астана Моторс" құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы қазақстандық нарыққа жоғары технологиялық опциялары және озық қауіпсіздік жүйелері бар жаңартылған Hyundai Santa Fe кроссоверін ұсынды.
Hyundai әрбір жаңа моделі қазіргі заманның премиум автокөліктерінің үздік идеяларын іске асырады және брендтің келесі әзірлемесіне автоәуесқойлардың қызығушылығын арттыра түседі. Естеріңізге сала кетейік, Hyundai 2020 жылы қазақстандық автомобиль нарығының көшбасшысы болды. Қазақстандағы брендтің сатылымы өткен жылы 17 857 бірлікті құрады. 2019 жылмен салыстырғанда өсім 20,2% (14 853 бірлік). 2019 жылға қарағанда 2020 жылы Қазақстанда Santa Fe автомобильдерінің сатылымының өсуі – 27% (тиісінше 1091 және 1382 бірлік).
"Hyundai әлемдік брендінің SUV желісінің флагманы – бүгінгі таңда Қазақстандағы ең танымал модельдердің бірі. Отбасылық кроссовер өзін қалалық жолдар мен жылдам трассада сенімді серіктес ретінде көрсетті. Біз әрбір жаңартылған сайын Santa Fe жанкүйерлерінің қатары кеңейе түсетініне қуаныштымыз және біздің тұрақты клиенттеріміздің арасында жалпы алғанда Hyundai брендінің қолдаушылары, атап айтқанда, Santa Fe моделінің бағалаушылары бар", – деп атап өтті Hyundai Auto Kazakhstan директоры Денис Коломацкий.
Қазақстандықтар жаңа Santa Fe кроссоверін төрт жиынтықталымда таңдай алады – Comfort, Travel, Prime, High-Tech. Жаңартылған Hyundai Santa Fe бағасы жиынтықталымына байланысты 13 миллион 790 мың теңгеден басталады (прайс-парақ).
Қазақстандықтар үшін автомобильдің қолжетімділігін арттыру мақсатында Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы бірқатар бағдарламалардың тиімді шарттарын ұсынады, мысалы: отандық автоөндірісті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде автомобиль құнының 10%-ын ең төменгі бастапқы жарнасы төленген шартта 7 жылға жылдық 4% мөлшерлемесі бойынша жаңа Hyundai сатып алуға жеңілдікті кредит; Hyundai Finance – Hyundai клиенттері үшін Әріптес Банктермен бірлесіп әзірленген бағдарлама; клиенттің кез келген маркалы ұсталған автокөлігін жаңа Hyundai автокөлігіне айырбастау мүмкіндігімен Trade in.
Сонымен қатар, Hyundai Auto Kazakhstan барлық Hyundai ресми дилерлік орталықтарында Before Service бағдарламасын ұсынады, ол автокөлікті кешенді профилактикалық тексеруді ыңғайлы, қауіпсіз және тегін жүргізуге мүмкіндік береді. Өндірушінің жаңа Hyundai автокөлігіне кепілдігі – 5 жыл немесе 100 мың километр (қайсысы бұрын басталатынына байланысты).
Santa Fe 2021 моделімен толығырақ мына жерден танысуға болады.