БІЗ ҚАУІПСІЗДІКТІ ОЙЛАЙМЫЗ

"Астана Моторс" COVID-19 ауруының алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қолданады.

Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының көбеюіне және осыған қатысты азаматтар денсаулығына төнетін қауіптерге байланысты "Моторная компания "Астана Моторс" компаниясы жұмыскерлердің COVID-19 тестінен міндетті түрде өтуі туралы шешім қабылдады.

Қызметкерлердің біреуі коронавирус жұқтырғаны расталған жағдайда, Компания COVID-19 таралуын алдын алу шараларын ұйымдастырудың арнайы әзірленген рәсіміне сәйкес әрекет етеді, атап айтқанда:

 – аурудың алғашқы симптомдары, соның ішінде температураның жоғарылауы, жөтел, мұрын біту, ентігу және басқа да COVID-19 белгілеріне ұқсас симптомдары пайда болған қызметкерлерді жұмыс орындарына жібермеу;

– COVID-19 ауруы расталған жұмыскер дереу Компания басшылығына хабарлауға міндетті, ал ол өз кезегінде аудандық СЭС қызметкеріне хабарлайды;

– жұмыскер дереу жұмыс орнынан кетіп, оқшаулануы және емханаға хабарласуы тиіс;

– COVID-19 жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған бөлімшенің барлық жұмыскерлері вирустық инфекцияның бар-жоғына тест тапсыруы, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігімен немесе сырқаттану парағын, еңбек демалысын немесе Компанияның ішкі нормативтік құжаттарында көзделген ресми болмауының басқа түрін ресімдеп, 14 күнге дейінгі мерзімге оқшаулаулануы тиіс.

Оқшауланғаннан кейін қызметкерлерді қайталанған COVID-19 тесті теріс нәтиже берген кезде ғана жұмысқа қабылдауға рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап "Астана Моторс" еліміздегі дилерлік орталықтарда, кәсіпорындарда және кеңселерде COVID-19 алдын алу шараларын күшейтті. Атап айтқанда, бұл: қызметкерлер мен клиенттердің дене температурасын тепловизорлармен өлшеу, қорғаныс маскасының болуы, физикалық (әлеуметтік) арақашықтық, қолды антисептиктермен тұрақты өңдеу, фронт-офис қызметкерлерінде қолғаптың болуы. Компания өз есебінен қызметкерлер мен клиенттерді маскалармен қамтамасыз етеді. Барлық дилерлік орталықтарда, кәсіпорындарда, кеңселерде қол гигиенасына арналған антисептикалық құралдар бар. Жайларда үнемі санитарлық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Карантин кезінде "Астана Моторс" қашықтан жұмыс істеді. Дилерлік орталықтар сатылымды онлайн-тапсырыстар арқылы жүзеге асырды. Клиенттерге санитарлық қорғау құралдарымен өңделген автомобильдерді қарым-қатынассыз жеткізу ұйымдастырылды.