«ЖУРНАЛИСТ» МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАНЫҢЫЗ ҮШІН СІЗГЕ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ.

2020 жыл жер бетіндегі сегіз миллиардқа жуық адамдардың барлығы өмір үшін күрескен, адамзат үшін ең қиын кезеңдердің бірі ретінде тарихқа енеді. Сіз де COVID-19 сынағын қабылдап, алғашқы күндерден бастап осы оқиғаның маңызды бөлігі болдыңыздар.

Халықаралық еңбек ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қауіп-қатердің 150-ден астам класын және мыңнан астам түрлерін атап өтеді, олар екі мың түрлі кәсіпке, соның ішінде журналист кәсібіне қауіп төндіреді.

Коронавирус пандемиясы кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары кәсіби қауіп-қатерге ұшырап, "қауіпті аймаққа" қадам басты, олар "ыстық нүктелерден" оқиғалардың дамуы туралы әлемдік қауымдастыққа сенімді және жедел ақпарат беру миссиясын өз мойнына алды. Біз, оқырмандар, көрермендер, тыңдаушылар, ғаламшар тұрғындары адамдар өміріне қатысты деректерді қарау үшін күнімізді баспасөз шолуларынан бастаймыз және аяқтаймыз.

Сізге "Журналист" мамандығын таңдағаныңыз үшін, өз жұмысыңызға деген сүйіспеншілік пен адалдығыңыз үшін, қоғамға қызмет ететініңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сізге және сіздің отбасыңызға, туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге денсаулық пен ұзақ ғұмыр, бақыт және кәсіби табыс тілейміз!

РАҚМЕТ! КӘСІБИ МЕЙРАМ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Фото авторы  Тұрар Қазанғап