Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Hyundai Trans Kazakhstan зауытында болып қайтты

Елші Ку Хонг-сок бастаған Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен құралған делегация «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны — Алматы қаласындағы Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік зауытына ресми сапармен келді.

Делегация мүшелері автокөлік өндіру процесін – шанақты, пластик бөлшектерді дәнекерлеу, бояу және экстерьерді, интерьерді, шассиді құрастыру барысын тамашалап қайтты. 

slider_177
slider_178
slider_179
slider_180
slider_181
 

Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан аумағында Hyundai автокөліктерін көптеп кездестіріп жүргенін және бұл брендтің қазақстандықтар арасында жоғары танымалдыққа ие екенін білдіретінін айтты.

«Астана Моторс» – Қазақстанда Hyundai автокөліктерінің ұсақ түйінді өндірісін енгізген және брендтің дамуына зор үлесін қосып отырған алғашқы компания. Hyundai – жоғары сұранысқа ие бренд, бұл қуантарлық жайт. Сонымен бірге әлемде пандемияның салдарынан логистикамен байланысты проблемалар әлі де жалғасып жатқанын білеміз және «Астана Моторстың» бұл қиындықтарды жеңу және қазақстандықтар үшін көбірек автокөлік шығару үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын түсінеміз», – деп атап өтті Елші Ку Хонг-сок.

Сондай-ақ Елші Ку Хонг-сок «Астана Моторс» компаниясына пандемия кезінде кәсіпорында жұмыс істеп жатқан кореялық инженерлерге көрсетілген қолдауы үшін алғысын білдірді. Елші Ку Хонг-сок «біз үшін қашан да адамдар маңызды» деп жалпы кәсіпорындағы жұмыс процесінің қауіпсіздігі мен ұйымдастырылуының жоғары деңгейіне назар аударды.

Кездесу соңында елшілік делегациясының мүшелері кәсіпорын ұжымына амандық және еңбекте жемісті болуды тіледі.