«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ БОЛУҒА КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІГІ БАР», – БЕКНҰР НЕСІПБАЕВ, «АСТАНА МОТОРС» CEO, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда әлемнің түрлі елдерінен келген 1000-ға жуық қатысушыны біріктірген Астана халықаралық форумы өтті. Шамамен 300 шетелдік және қазақстандық сарапшы өзекті тақырыптар бойынша пікір алысты. Талқылаудың негізгі бағыты ынтымақтастық, даму және прогресс жолында сын-қатерлерді еңсеру болды.

«Астана Моторс» СЕО Бекнұр Несіпбаев «Өсіп-өркендеу жолында: экономиканы қалпына келтіру және өміршеңдікті арттыру шаралары» панельдік сессиясына қатысып, Компанияның тәжірибесі және өндірісті дамыту жоспарлары жайлы баяндап берді.