АЙНА ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Мегаполисте айна, дөңгелек, әйнек сүрткіш, тіпті, фараны да ұрлап әкетеді. Ұсақ ұрылар ештеңеден тартынбайды. "Айна бизнесі" үлкен қалада да, шағын қалаларда да гүлденіп кең етек жайған. Айнаның құны кейде зардап шеккен автожүргізушіні үлкен шығынға батырып жатады...

2018 ж. 1 қазанынан бастап, "Астана Моторс" ҚМК қылмыс пен ұрлыққа төзбеушілікті қолдау, сонымен қатар автокөлік иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында алдын алу шараларын қабылдады: компания клиенттің қалауы бойынша Алматыда сатылатын автокөлік айналарына лазерлік нақыштама жасайтын болды. Қызмет тегін ұсынылып, оның ішінде Trade-In бағдарламасы бойынша сатылатын автокөліктерге де тегін жүргізіледі. Лазерлік ойма айнаның беткейіне сәйкестендіргіш нөмір – VINcode-ты  жазуға мүмкіндік береді. Осылайша, айнаның ұрлану ықтималдылығын төмендетеді. Айнадағы белгіні көргенде, қылмыскер ары қарай сатуға келмейтінін байқап, ойынан айниды.

Лазерлік нақыштама айнаның шолу мүмкіндігін нашарлатпай, жұмыстың өзі бар болғаны 10-15 минутты алады. Бұл қызметті Сүйінбай даңғылы, 151 мекенжайындағы "Тойота Алматы Орталығы" авторталығының кәсіби операторлары заманауи жабдықтың көмегімен жүзеге асырады. Қызметті пайдаланғысы келгендер үшін Астана Моторс бұл қызметті монтаждау жұмыстарын қосқанда 10 000 теңгеден бастап ұсынады. Сонымен қатар автокөлік иесі айналарын шешілген күйде әкелсе, 50% жеңілдік қарастырылған.

Бұл бір мәртелік науқан емес. Осылайша, Астана Моторс компаниясы қылмысқа қарсы өз үлесін қосады. Егер қоғамда әлденені өзгерткің келсе, өзгерісті өзіңнен бастаған жөн.