Chery Қазақстандағы ең танымал қытайлық көлік брендіне қалай айналды?
Жолдарда қытайлық автокөліктердің саны айтарлықтай артып келеді, ал жекелеген модельдер Қазақстанда ең көп сатып алынатын үздік 10-дыққа кіріп отыр. 2022 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Қытай көлік брендтері ішіндегі сатылым көшбасшысының артықшылығы неде екенін Chery компаниясымен бірге анықтаймыз.
Made in China
Соңғы жылдары жер жаһан Қытайдан шығатын тұрмысқа қажет заттар мен киімнен бастап техникаға дейін тауарларға көзқарасын өзгертті. Ұлы Жібек жолы заманында керуендердің асқан шеберлікпен жасалған фарфор ыдысын, алтыннан, қоладан, темірден, керамика мен былғарыдан жасалған бұйымдарды, Қытайдың сырланған қолөнер туындыларын, қағазды, дәрі-дәрмекті, парфюмерияны және тағы басқа тауарды Қытайдан Батысқатасымалдаған кездегідей қазір де Аспан асты елі өнімдерінің сапасы қадірлене бастады.
Бүгінгі таңда Қытай жоғары технологиялық тауарлардың, соның ішінде автокөліктердің жетекші әлемдік өндірушісіне әрі жеткізушісіне айналды. 19 жыл қатарынан Қытай жеңіл автокөліктерінің экспортында бірінші орынды 1997 жылы құрылған Chery Automobile Company алып отыр. Қазіргі уақытта Chery компаниясының түрлі елдерде, соның ішінде Қазақстанда 10 миллионнан астам клиенті бар.
Келешегі зор жаңа нарық
Қытай әлемдік сатылымда көш бастап келеді, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда мұнда жаңа автокөліктерді сату бірден 46%-ға, ағымдағы жылдың тамыз айында 2,6 млн дейін өсті.
Қазақстанда соңғы бір жарым жылда Қытай көліктері кеңінен сатып алынды және тұтынушылардың пікіріне сүйенсек, бұл басқа бренд көліктерінің жетіспеушілігіне ғана емес, ең алдымен оның технологиялы болуына және тартымды бағасына байланысты. Бүгінде Қытай модельдерінің қатары – бұл салыстырмалы түрде қолжетімді бағада ұсынылған автокөліктегі жабдықтардың мол тізімі. Себебі сол сияқты жабдықталған жапондық және еуропалық автокөліктер әлдеқайда қымбат.
Қазақстанда ұсынылған Қытайдың алты автокөлік бренді өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың сегіз айында 131%-ға көп көлік сатты, бұл 5000-ға жуық автокөлік. Ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі сатылым көшбасшысы Chery болды (1862 көлік). Осылайша бренд Nissan, Volkswagen, Renault және Lexus-ты басып озып, Қазақстандағы ең танымал көлік брендтерінің үздік 10-дығындағы алтыншы орынға ие болды.
Chery бренді еліміздегі ең үздік ондықтағы көшбасшыларға жетуге шындап кіріскендей және бұл жолдағы басты фактор – Chery-дің клиенттермен кері байланыс орнатуға көбірек көңіл бөлуі. Компания бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың сұрауларына тез жауап береді, әйтсе де бұл – қатал бәсекелестік жағдайындағы ең үлкен құндылық.
Ресми дистрибьютор «Chery Қазақстан» компаниясының «Астана Моторс» құрамына кіретінін және Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар қалаларында тоғыз шоурум ұсынатынын айтып өтейік. Ағымдағы жылдың соңына дейін дистрибьютор елордада тағы біреуін, сондай-ақ Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Өскемен, Петропавлда сегіз Chery дилерлік орталығын ашуды жоспарлап отыр.
«Технологиялы Chery»
Қытайдың автокөлік өнеркәсібі 1990 жылдан бастап дамуда маңызды жетістікке қол жеткізді, шетелдік маркалардың автокөліктерін құрастырудан бастап машина жасау саласындағы өзіндік әзірлемелерін жасауға және автокөлік өнімдерінің, соның ішінде қозғалтқыштардың толық желісін шығаруға дейін жолдан өтті. Chery Automobile Company-дың басты назары технологияларды дамытуға бағытталған, компания 20 жыл бойы ғылымға, технологияларға, инновацияға инвестиция салып келеді. Тоқтала кетерлік жайт, құрамына Chery Automobile Company кіретін Cherry Group-тың кеме жасау бизнесі бар, яғни концерн әлемдік нарық үшін үлкен кемелер жасай алады.
Chery автокөліктерін, сондай-ақ ішкі нарық пен экспортқа арналған жинақтаушы бөлшектерді бүкіл әлем бойынша 10 өндірістік базада және 80-нен астам ел мен өңірдегі нарықтарда орналасқан бес ірі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс орталықтарындағы 5500-ден астам зерттеушілер мен әзірлеушілер жасайды.
Заманауи автокөлік индустриясының қиындық тудыратын мәселесі –микрочиптердің немесе жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігі. «Chery концернінде осындай мәселелер бар ма және Chery модельдік желісі үшін жартылай өткізгіштерді кім жеткізеді?» – бұл сұрақ жақында Алматыда және штаб-пәтері мен Chery негізгі өндірісі орналасқан Уху қаласында (ҚХР) өткен Chery Group онлайн-конференциясы кезінде қойылды. Осы және басқа сұрақтарға жауапты конференцияның бейненұсқасынан алуға болады.
Tiggo модельдері ішіндегі ақылды жаңа көлік
Жақында Қазақстанда көпшілік қызығушылықпен күткен модель – Chery Tiggo 8 Pro Max жеті орынды кроссоверін сату басталды. Екі литрлік қозғалтқышы бар Tiggo 8 Pro Max ең ақылды, жылдам және қуатты, иесінің дауысымен берілген командаларды түсініп, ажыратады және 7 секундтан аз уақыт ішінде сағатына 100 км-ге дейін жылдамдықты үдете алады
Chery Tiggo 8 PRO MAX-та ADAC қауіпсіздік және жүргізушіге қолдау көрсету жүйесі бар, ол бұрын тек Mercedes, BMW және Audi автокөліктерінде орнатылған болатын.
Жаңа кроссовер әуе кемесіне ұқсас, ал оларды байланыстыратын нәрсе – Honeywell компаниясының турбинасы, компания электронды басқару және автоматтандыру жүйелерін, аэроғарыштық жабдықтарды шығарады, сондай-ақ ұшақтарға арналған қозғалтқыш жүйелерін әзірлейді.
Қазақстанда Chery Tiggo 8 PRO MAX бағасы жинақталуына байланысты 18,9 млн теңгеден басталады. Көз тартатын сыртқы көрінісі, Jaguar дизайнерлері жасаған премиум салон, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі мен интеллектуалды жүйе жаңа кроссовердің құнын арттырып, оны жоғары баға сегментіндегі бәсекелестерімен бір қатарға қояды.
Қазақстандағы Chery туралы анықтамалық ақпаратты «Астана Моторс» компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы 7007 нөмірі арқылы ұсынады.
Дереккөз: 5q.kz