HYUNDAI-ДЫҢ CHELSEA ФК ОЙЫНЫНА БИЛЕТТЕР ҰТЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Футбол – нағыз спорттық рухты сезіндіретін, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жандар сүйетін ойын. Алматыда Hyundai Auto Kazakhstan-ның "Арман Cіз ойлағаннан да жақын!" деп аталған ауқымды республикалық науқаны қорытындыланды.

2019 жылдың 9 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығындағы кезеңде барлық Hyundai жеңіл автокөліктерін сатып алушылар бақтарын сынап, Лондонды, сонымен қатар ең үлкен стадиондардың бірі "Стэмфорд Бриджді" көріп, CHELSEA футбол клубының ойынын тамашалауға мүмкіндік алды.

Науқанға Қазақстанның барлық өңірлерінен 547 адам қатысты. "Вивага Лада" дилерлік орталығында Hyundai Accent сатып алған Петропавл тұрғыны Аманжолов Жанат Қайроллаұлы науқанның жеңімпазы атанды. Жеңімпаз купон толы лототроннан кездейсоқ купон суыру арқылы анықталды.

Енді Жанат жақындарының бірімен Лондонның ең көрікті жерлерінде серуендеп, Тұманды Альбионның ең жайлы қонақүйлерінің біріне тоқтап, 2019 жылдың 30 қарашасында «Стэмфорд Бридж» стадионында өтетін «Челси» ФК керемет матчын тамашалай алады. Алайда қуаныш мұнымен бітпейді, «Челси» ФК аты аңызға айналған ойыншыларымен кездесу бұл сапарды естен кетпестей етеді.

Футболды және онымен байланысты дүниелерді қолдау – Hyundai-дың жаһандық демеушілік бағдарламасының маңызды бөлігі. Hyundai-дың ҚР-дағы ресми дистрибьюторы – Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы екі адамның Лондонға сапарын, олардың онда тұруын, экскурсиясын, VIP орыннан матчты тамашалауын, сонымен қатар тамақтануын ұйымдастыру бойынша барлық міндеттемелерді өз мойнына алады. Науқан шарттарына сәйкес, жеңімпаз тек виза алуға кететін шығындарды өтейді.