ESENTAI TOWER-ДА АВТОКӨЛІК ШОУРУМЫ АШЫЛДЫ
Қытайдың Жаңа жыл мерекесі стиліндегі ашылу салтанатына қазақстандық жұлдыздар, танымал журналистер мен автоблогерлер қатысты.
CHERY ESENTAI PREMIUM – Chery ресми дистрибьюторы First Motor Group компаниясының жаңа жобасы. «Астана Моторс» еншілес компаниясы Қазақстандағы CHERY дилерлік желісін белсенді түрде дамытып келеді. Қазіргі сәтте Chery Астана, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал қалаларында ұсынылған. Алматыда дәстүрлі «офлайн» форматында жұмыс істейтін екі дилерлік орталық және бір online-дилер бар. Тараздағы дилерлік орталық өткен аптада ашылды.
Шоурумның мерекелік безендірілуі әрі күнделікті, әрі ультрасәнді, әрі тексерілген, әрі инновациялық қасиеттерді бойына жиған CHERY көліктерінің рухы мен стилін айшықтай түсті.
«Біз клиенттеріміздің кері байланысына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз, сондай-ақ брендтің танымал әрі сүйікті брендке айналып отырғанын көріп отырмыз, әйтсе де шоурум ашу үшін Алматының ең мәртебелі әрі көрнекі жерлерінің бірін таңдадық, – дейді First Motor Group компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Айгүл Темешова, – Chery Tiggo 8 Pro Max – бұл life style, көңіл күй… Бұл жерде гауһар тасқа таңдағандай, оның барлық қырын көрсететін жақсы жиектемені таңдау маңызды!».
«Мен Қазақстанда ресми таныстырылған Chery-дің барлық модельдерімен жүріп көрдім. Соның ішінде ең қатты ұнағаны – жоғары комплектациядағы Chery Tiggo 8 Pro Max толық жетекті екі литрлік турбоқозғалтқышы бар кроссовер және төменгі компакт кросс хедж, солай да айтуға болады – ол Tiggo 4 Pro. Бұл екі модель қазір өте жоғары сұраныста, дегенмен сатылымға қарайтын болсақ, халыққа Chery Tiggo 7 Pro ұнайды екен, қазір сол модельдің толық жетекті модификациясын күтіп жатырмыз, ол қарқынды болады деген сыбыс бар», – деді журналист Олжас Оқас.
Chery күнтізбесінде шоурумның ашылуы осы жылдағы жалғыз айтулы оқиға еместігін айта кету керек. Автоблогер Азат Омарбаев: «Қытай елінің барлық брендтері Қазақстанға кроссоверлерімен кірді, Chery алғашқы болып седанды көрсетпекші», – деп тоқталып, жарияланған бренд жаңалықтарының ішінен седанды бәрінен де асыға күтетінін айтты.